26 маусым күні №15 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының оқу залында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналып, №86 ЖББОМ  жанындағы жазғы лагерь балаларымен «Нашақорлық - қауіпті әуес» атты жедел талқылау өткізілді. Мақсаты: балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттап,  есірткі заттардың жағымсыз екенін,  нашақорлықтың алдын алу керек екенін жете ұғындырып, тәрбиелеу. Талқылау  кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Балаларға «Нашақорлық-әлеуметтік дерт» атты бейнеролик көрсетілді. Көрсетілімнен кейінгі  талқылау барысында, балалар егер нашақорлық-осындай кері қайтпайтын зардапқа әкелетін болса, оны ешқашан дәмін татып көрмеу керек-деп қорытындылады.

IMG 20180626 123354IMG 20180626 123427IMG 20180626 123509IMG 20180626 120151

№ 22 кітапхана-филиалында 26 маусымында ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Алаштың ақ жүректі ақыны» тақырыбында поэтикалық этюд өткізілді. Мақсаты: Оқырман бойында үлкенді сыйлау қабілетін қалыптастыру, ақын Мағжан Жұмабаевтың  өлеңдерімен таныстыру негізінде  Отанына сүйіспеншілік, өнегелілік, рухани тәрбие беру. Жүргізушісі  қатысушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.  Мағжан–халқының болашағына сенген, келешегінен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпағы шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Іс-шара өткізу барысында қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында документальді кино-журнал көрсетілді. Сонымен бірге, ақынның шығармашылығына арналған «Алаштың ақ жүректі ақыны» кітап көрмесіне шолу жасалды.

IMG 20180626 WA0029IMG 20180626 WA0030

 

 Маусымның 26 күні №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында № 46 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы лагер оқушыларына «Жазғы кітаптың кемпірқосағы» кітапханалық уик – энд өтті. Мақсаты: жаңа оқырмандарды тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалардың оқуға деген белсенділіктерін арттыру, жаңа кітаптармен таныстыру. Шара  «Жазғы кітаптың кемпірқосағы»,  «Достар мультфильмдерде және ертегілерде»,  «Мақал – мәтелдерді жинағы» кітаптарымен безендіріліп, «Жетіспеген әдеби жұпты табыңыз» сайысымен жалғасты.

IMG 20180626 135522IMG 20180626 135706IMG 20180626 135852

 Маусымның 26 күні № 12 орта мектебінің оқушыларына №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Құқығыңды білмесең сенікі дұрыс емес» тест викторинасы өтті. Мақсаты: балалардың құқықтық білімдерін тереңдету, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа үйрету.

IMG 20180612 130848IMG 20180612 131900IMG 20180612 130906

22 маусым күні №5 кітапхана-филиалының жұмыскерлері «Жазғы уақытта досыңмен бірге кітап оқы» атты әдеби шара өткізді. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Кішкентай  оқырмандар ойын викториналарына қатысып,  «Кітап біздің досымыз» атты әдеби шолуды тамашалады.

IMG 20180622 122430 minIMG 20180622 122550 minIMG 20180622 122447 min

Яндекс.Метрика