12 маусым күні №5 балалар кітапхана-филиалында №46 орта мектеп жанындағы «Достық» лагерінің 2-4 сынып оқушылары үшін «Жолда жүру құпиялары» атты ойын бағдарламасы өтті. Мақсаты: төменгі сынып оқушыларына көшеде жүру ережелері бойынша түсініктерін қалыптастыру,  жол қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру,  жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында балалар арнайы дайындалған «Балаларға жол ережесі туралы» атты ашық көрмемен таныстырылып, «Жол қозғалысының ережелері» туралы  слайд – презентация көрсетілді және  «Қызыл. Сары. Жасыл» тақырыбында ойын ұйымдастырылды.

IMG 20180612 110029IMG 20180612 110948

Яндекс.Метрика