13 маусым күні № 27 кітапхана-филиалының оқу залында медицина колледжі студенттерінің назарына «Денсаулығыңды жастық шағынан сақта» тақырыбында практикум ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шараның модераторы № 1 емхананың бас маманы Ермакова Ольга Игнатьевна жастарға өз денсалығын сақтау мақсатында шылым шегу, ішімдік пен есірткі сияқты жат әдеттерден бас тарту қажеттігін түсіндірді. Қатысушылар денсаулық – бұл адам үшін ең үлкен байлық, денсаулықпен қатар рухани, әлеуметтік құндылық екені жайлы мәліметтермен танысты. Оқырмандарға арналған денсаулық туралы әдебиеттерге шолу ұйымдастырылып, салауатты өмір салты туралы буклеттер таратылды.

 

DSCF2801DSCF2800

Яндекс.Метрика