2018 жылдың 17 тамыз күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының оқу залында «Мемлекеттік тілді жаңғырту-жетістік пен даму кепілі» атты ой бөлісу мәдени шарасын өткізілді. Бұл өзекті мәселе Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан бастама алып отыр. Онда латын қарпіне көшу басты міндет қана емес, сонымен қатар Қазақстанда латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс екендігі аталып көрсетілді. Шара барысында « Латын әліпбиі: тарихи тағдыр белгісі» атты бейне-ролик көрсетіліп, «Мемлекеттік тілді жаңғырту-жетістік пен даму кепілі» атты әдеби көрсетілім ұйымдастырылды. Оқырмандармен тренинг-ойындар өткізіліп, онда олар латын қаріптерімен жазылған сөздерді оқып, М.О.Әуезовтің «Абай жолы», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітаптарынан үзінді мәтіндерді латын қарпімен жазды. Шара қызықты өтті.
№15 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында 2018 жылдың 10 тамызында Спорт күніне арналған салауатты өмір салтына бағытталған, дене шынықтыру мен спортты насихаттайтын «Сергек өмір сүр!» атты көрме-кеңес ұйымдастырылды. Шара соңында «Спорт жұлдыздары», «Денсаулық», «Здоровье», «Будь здоров!», «Валеология, дене тәрбиесі, спорт», «Спорт айдыны» атты мерзімдік басылымдар оқушылар назарына ұсынылды.
2018 жылдың 10 тамызында № 31 кітапхана-филиалында дала жырауы, музыкант Құрманғазы Сағырбайұлының 195 жылдық туылған күніне орай «Теңдесі жоқ әуен гениі» атты әдеби-композиция өтті. Мақсаты: жырау шығармашылығымен таныстырып, қазақ аспаптарына қызығушылықтарын оятып, рухани мәдениетін қалыптастыру. Оқырмандарды Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы құжаттармен таныстырылып, оның күй туралы атақты: «Сарыарка», Балбырауын», «Серпер», «Адай» сынды кітаптары ұсынылды .
№1 балаларға қызмет көрсету кітапханасында - 2018 жылдың 10 тамызында «книжные жмурки» атты әдеби ойын өтті. Шара кітапхананың тұрақты оқырмандары үшін балалар кітабының авторы, Ресей жазушысы Н.Носовтын 110 жылдық туған күніне арналды. Шара барысында оқушылар Николай Носовтың өмірі мен шығармашылығы жайында қызықты жайттармен танысып, оның: «Тірі қалпақ», «Қияр», «Таңғажайып шалбар», «Мишканың ботқасы», «Бақташылар», «Қиялшылдар», «Витя Малеев мектепте және үйде» деген кітаптарына шолу жасалды.
Жазғы каникул кездерінде № 15 кітапхана-филиалы балалармен бірігіп, «Кітап үйі» атты шара өткізді. Шараның мақсаты: балалардың кітап туралы білімдерін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кітапқа деген жақсы көзқарастарын қалыптастыру. Шара барысында кітапханашылар оқушыларды қызықты балалар кітаптарымен, авторларымен таныстырып, өрнекті балалар ертегілері бойынша викториналар өткізді. Шара соңында кітапханашылар қатысушыларға алғыс айтып, жазғы демалыс кездерінде көбірек кітап оқуға кеңес берді.