Оқушылардың өз Отанына, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында 5-қыркүйек күні №22 кітапхана-филиалында «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атауымен маңызды диалог өтті. Шара барысында қатысушылармен үш тілде диалогтар жүргізіліп, пікірлер алмасты. №8 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.С.Жұматаева Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінен басқа тілдерде еркін дамып келе жатқандығын атап өтті.Ұйғыр, корей, татар, неміс, польша, украин, түрік және т.б.тілдерді оқытатын мектептерде ұлттық мәдени орталық жұмыс жасайды. Шара соңында «Қазақ тілі – бай тіл» атауымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын зерделеу арқылы, мемлекеттік тілді үйрену, отан сүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Әр тіл өзінше ұлы» атты қызықты ақпарат сағаты өтті. Шара барысында оқушылар А.Байтұрсынұлының қысқаша өмірбаянымен танысып, қазақ тіл білімі мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы мағлұматтар алды. Әрі қарай: «Мен қанша тіл білемін?», «Үздік аударма», «Кім жылдамырақ?», «Жаңылпаштар», «Мен оқимын» т.б.тақырыптар бойынша сайыстар ұйымдастырылды. Мерекелік шараға «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты кітаптар көрмесімен «Ана тілімді сүйемін» атты квилт ұйымдастырылды.
Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне арналған, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени мұрасына қызығушылықтарын ояту мақсатында №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Тілім менің тұтастығым, елдігім» атты әдеби он күндік өтті. Жас оқырмандар назарына «Қазақстан халықтарының тілдері күні» атты бейне-ролигі ұсынылып, «Тіл байлығы – ой байлығы» атты кітаптар көрмесіне шолу жасалды.
5-қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай «Кеша» аула клубы және оның жетекшісі Айгүл Абдрашқызымен №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері бірлесіп, «Тіл-ұлттың тірегі» атты шара өткізді. Мақсаты: ана тіліне құрметпен қарап, елімен мақтанып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Оқырмандардың үш тілді яғни, қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін қаншалықты жетік меңгергендігін білу мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Шара соңында көрмеге қойылған кітаптарға шолу жасалды.
Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау, өз тілімізді ардақтап, өзге ұлт мәдениетін құрметтеу мақсатында 5-қыркүйек күні №15 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында №86 орта мектебінің 6 «а» сынып оқушылары үшін «Үш тілдің патшалығы» атты зияткерлік ойын өтті.Ойын барысында оқушылар «ДАРАБОЗ», «ЗНАТОКИ», «WIZARD» атты үш топқа бөлініп, үш тілде қойылған сұрақтарға жауап беріп, Ермек Өтетілеуұлының өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.