№11 балаларға қызмет көрсету кітапханасында «Біз күшті болып өсеміз» атты әдебиеттерге шолу өтті. Мақсаты: спортпен айналысуға,салауатты өмір салтына тәрбиелеу, дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Шара барысында кітапханашы адам өміріндегі спорттың маңыздылығы туралы айтып, спортшылардың өмірлері мен жеңістері туралы әңгімелеп, спорт түрлеріне тоқталып өтті.