2018 жылдың 11-қыркүйегінде жас буынның қоғамдағы санасы мен азаматтық көзқарасын қалыптастыру үшін, лаңкестік туралы терең түсінік беріп, лаңкестік бола қалған жағдайда дұрыс әрекет ету ережелерін үйрету мақсатында, №5 кітапхана-филиалында №12 орта мектебінің 5 «ә» сынып оқушыларына «Лаңкестік-адамзатқа төнген қауіп» атты ескерту сабағы өтті.Оқырмандар үшін «Лаңкестікке қарсымыз» атты сөрелер безендіріліп, «Діни ағымнан адасқандар», «11 қыркүйек 2001 жыл» атты бейнероликтер көрсетілді.
2018 жылдың 11-қыркүйегінде №11 кітапхана-филиалында Қарағанды қаласының, Қазыбек би шағын ауданының үйлерге әлеуметтік көмек көрсету мамандарымен бірлескен «Отбасы күніне» арналған шара өтті. Ата-тегін зерттеу, ата-бабалары туралы естеліктер халқының өткеніне құрметпен қарап, рухани байытып, ұлттық дәстүрімізді қалпына келтіруге зор ықпал ететіндігі туралы әлеуметтік қызметкер А.Т.Жүнісова айтып өтті. Оқырмандар «Менің отбасымның өмірі» атты фотосуреттер көрмесі мен «Отбасы – тәрбие бастауы» атты кітаптар көрмесін тамашалады.
11 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Тілім менің –қазынам, қасиетім» атты мерекелік шара №41 жалпы білім беретін мектептің 2 сынып оқушыларымен өтті. Мақсаты: Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.Шараны кітапхана қызметкерлері Шакира Асетқызы мен Айзада Серікқызы жүргізді. Қазақстан халықтарының тілдер күні, 5 ші қыркүйек тілдер күніне ауысқаны жөнінде және А.Байтұрсыновтың өмір баяны туралы ақпарат берілді. Кітапхана қызметкерінің шығармашылығы бойынша «Айлакер түлкі» ертегісі және «Бір шаңырақ астында» театрландырылған қойылымы қойылды. Айзада Серікқызы Астананың 20 жылдығына арнап жазған «Ең қымбаттым-өз мекенім»атты ертегісін оқып берді. «Мен ұнатқан үш пән» деп аталатын кезеңде балалар мақал – мәтелді жасырын тұрған сөзді тауып, қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде айтты, «кім жылдам» деп аталатын бөлімде сұрақ-жауаптарға белсене жауап берді. Оқушылар өздері тілдер күніне арнап шығарған өлеңдерді оқып берді. Шарада кітап көрмесі , викториналар, ойындар өткізілді, бейне слайд көрсетілді.
2018 жылдың 11- қыркүйегінде Қарағанды қаласының ІІД-де 5-қыркүйек тілдер күніне арналған М.О.Әуезов атындағы орталық кітапханасымен бірлескен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты мәдени-іс шара өткізілді. Іс-шара барысында «Тілім менің -тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ана тіліміз, қазақ тіліннің мәртебесін көтеріп, 5-қыркүйек тілдер күнін насихаттау. Қазақстандықтардың бойындағы патриоттық сезімін арттыру және білімнің көзі болған кітапханамызды насихаттау. Шараның ашылуы кітап көрмесінен басталды. Кітап көрмесін өлкетану бөлімінің кітапханашысы Ғабдолла Таңшолпан таныстырды. Кітап көрмесіне ана тілімізге арналған кітаптары, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары, қазақ тіліне арналған сөздіктер, тілашарлар, оқулықтар, латын қарпімен жазылған кітаптар қойылды. Кітаптарға шолу барысында слайд көрсетіліп тұрды. Шара жоғары деңгейде өткізілді.
Қыркүйектің 9 күні №11 кітапхана-филиалында «Біз салауатты өмір салты үшін» атты кітап көрмесі жасақталды. Мақсаты: салауатты өмір салтына байланысты әдебиеттерді насихаттау арқылы тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Кітапханашы кіріспе сөзінде денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы айта келе, салауатты өмір салты жайындағы әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар «Денсаулық құпиялары» атты ұсыныстық әдебиеттер тізімі жасалды.