№29 кітапхана-филиалында жазушы, аудармашы Іслам Жарылғаповтың туғанына 100 жылдығына орай «Сарыарқа жазушысы» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: І.Жарылғаповтың жазушылық, аудармашылық қырымен таныстыру. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, көптеген орыс классиктерінің, батыс-еуропа және кеңес жазушыларының туындыларын қазақ тіліне аударғандығы туралы айтып өтті. Іслам Жарылғаповқа «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалі берілгендігі туралы да тоқталып өтті. Шараға қатысушылар үшін кітаптар мен мерзімдік басылымдардан «Сарыарқа жазушысы» атты библиографиялық көрме ұйымдастырылды.
№12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінде «Құлпырған жаз, түрленген жанр» жаңа кітаптарға шолу жасалды. Мақсаты: кітаптарды насихаттау, кітапхананы жарнамалау, оқуға тарту, жаңа кітаптармен таныстыру. Кітапхана ауласында «Құлпырған жаз, түрленген жанр» атты кітапханаға жаңадан түскен кітаптарға арналған көрме қойылды. Оқырмандар қазақстандық «Аруна», «Фолиант» баспаларынан шыққан балалар әдебиетімен таныстырылды. Көпшіліктің назары - әсіресе, «My shape book» сериясына және қарағандылық жазушы Дәрия Жұмагелдинованың «Тату отбасы», «Кішкентай жігіттің күнделігі», А.Беркімбаеваның «Дәуіт ата ертегілері» кітаптарына түсті. Шолу соңында көпшілік оқырмандар кітаптарды өз қолдарына алып парақтап көріп, жақынырақ танысты.
№15 кітапхана- филиалы алаңда балаларға арнап «Балдырған» балалар журналының алғашқы санының шыққанына 60 жыл толуына арналған «Менің сүйікті журналым» атты шара өткізді. Шараның мақсаты: Республикалық балалар «Балдырған» журналын насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесу. «Балдырған» журналы арқылы орыс тілді балаларға қазақ тілін үйрету. Шара барысында кітапханашы балаларды «Балдырған» журналымен және құрылу тарихымен таныстырып, басылымдағы қызықты әңгімелер мен тақпақтар оқып берді.
1 тамыз күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімі «Еркетайым» балабақшасының «Жұлдыз» тобының балалары үшін «Спорт –біздің досымыз» тақырыбында әдеби-спорттық ойын өткізді. Шараның мақсаты: балалардың спортқа деген қызығушылықтарын ояту және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Кітап оқуға, ертегілер әлеміне баулу. Шара барысында балалар бөлімінің кітапханашысы Көшербаева Айзада балаларға денсаулық және спорт туралы, денсаулыққа зиянды әдеттер және салауатты өмір салты жайлы түсінік берді. Күнделікті күн тәртібін құруды және дұрыс тамақтанудың, денешынықтырумен айналысудың пайдасы туралы әңгімеленді. Әдеби-спорттық ойынға қатысушы балаларды «Денсаулық» және «Шымыр» тобына бөліп, денсаулық туралы мақал-мәтел айтып, жұмбақтар шешуден жарыс ұйымдастырылды. «Кім білгір», «кім тапқыр», «доп қуу», «би» сайыстарында балалар өте белсенділік танытты. Тік төртбұрыштарда бейнеленген денсаулыққа пайдалы және зиянды заттарды тауып көрсете білді. Кітапханашы балаларға ертегілер оқып, кітап көрмесіне шолу жасады, балалар түрлі-түсті және сөйлейтін кітаптарға деген қызығушылықтарын көрсетті.
№5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Жер астын бағындырған магистральдар» атты саяхат слайды өткізілді. Мақсаты: мектепке дейінгі балаларға кенші мамандығы және де оның пайда болуы жайлы түсініктерін қалыптастыру. Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Іс-шараға: мектепке дейінгі тәрбиеленуші «Балдәурен» балабақшасының балалары қатысты. Шарада «Кенші – мақтан тұтар мамандық» атты кітап көрмесі, «Кеншілер қаласы» слайдтардан тұсаукесер, «Көмірдің пайда болуы» жайлы көрініс, «Менің мамандығым - кенші» бейне-ролик ұйымдастырылды.