Туған тіліне құрметпен қарап, өзге тілді үйренуге деген қызығушылықтарын ояту мақсатында 13-қыркүйек күні №27 кітапхана-филиалының оқу залында №21 орта мектептің 8-сынып оқушылары үшін «Ынтымаққа-тіл арқылы» атты өзекті әңгімелесу өтті. Қатысушылар - шара барысында халықтың рухани өмірінің тарихы, туған тілінің түбінде жатқандығын аңғарды. Осыған орай, ана тілін жетік меңгеру, және оны дамыту, шетел тілдерін оңтайлы қолдану, оның қоғамдық және шығармашылық қызметінде жақсы тіреу бола алатындығын аңғарды. Қатысушыларға туған өлке тарихы туралы викториналық сұрақтар қойылып, тілдің тарихы мен дамуы туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

27 1 27 2

№7 кітапхана-филиалында қазақ халқының күміс көмей әншісі, жерлесіміз Әміре Қашаубаевтың 130 жылдық туған күніне арналған «Құс жолындай сырлы әлем» атты музыкалық мозайкасы өтті. Шараның мақсаты: өсіп келе жатқан жас буынның бойларына патриотизмдік сезімді ұялату және ұлттық өнерімізді паш еткен адамдармен таныстыру. Шара барысында әншінің туындылары тыңдалды. Оқырмандар назарына « Құс жолындай сырлы әлем» кітаптар көрмесі ұсынылды.

7 1 7 2

 

2018 жылдың 13- қыркүйегінде  Қарарағанды қалалық М.О.Әуезов атындағы орталық кітапханасында бірлескен «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Дөңгелек үстел Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің студенттерімен өткізілді.Дөңгелек үстелді өлкетану бөлімінің кітапханашысы Таңшолпан Ғабдоллақызы жүргізді.Заман талабына сай еңгізілген латын әліпбиіне көзқарастарын білдірген студенттер, латын әліпбиінің мүмкіндіктерінің мол екеніне  үміттері зор. Еркін пікір, ой алмасқан дөңгелек үстел шарасында слайд көрсетіліп, тәжірибелік тапсырмалар ойнатылып, студенттерді сергіту мақсатында логикалық сұрақ-жауап жүргізілді. Шара студенттерге жаңа көзқарас қалыптастырды деген сенімдеміз.

латын цгб

Халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік шараға сәйкес, №14 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Отбасы: ойлар мен істер бірлігі» атты көрме ұйымдастырды. Мақсаты: әрбір адам үшін отбасының алар орны мен маңыздылығын түсіндіру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Кітапхана мен отбасы бірлесе отырып, адами қасиеттерді тәрбиелеу де және кітап оқуға деген құлшыныс туғызу да таптырмас одақ екендігін байқаған боларсыз. Мерекеге қатысушылар тарихқа шағын ғана экскурсия жасап болғаннан кейін, осы тақырыптағы мерзімдік басылымдардан құралған кітаптар көрмесімен танысты.

14 1 14 2

 

Қазақстанда тұратын халықтар мәдениетіне қызығушылықтарын ояту мақсатында №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында №12 орта мектептің 7 «А» сынып оқушылары үшін «Тілім менің тұтастығым, елдігім» атты қазақ әдебиетінің он күндігі өтті. Шараға «Тіл байлығы-ел байлығы» атты кітап көрмесі безендіріліп, «Қазақстан халықтарының тілдері күніне» арналған бейнероликтер көрсетілді.

5дет  5дет

Яндекс.Метрика