№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының оқу залында М.Мамыраевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Батырды еске алу» суретті-сұхбаты өтті. Мақсаты: оқырмандарға Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз М.Мамыраев ерлігі туралы мағлұматтар беру. Кітапханашылар Мартбек Мамыраевтың ҰОС дейінгі өмір жолын баяндай келе, өз Отанын қорғауға аттанған еріктілердің бірі болғанына тоқтала кетті. Днепр жағасында ерлігімен, қаһармандығымен көзге түскен көзге түскен Мартбек Мамыраевқа Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Соғыстан кейін жерлесіміз елге оралып, еңбек етіп, Қарағандының құрметті азаматы атанып, «Құрмет орденімен» марапатталған. Мартбек Мамыраевтың өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болды. «Қаһарман ескерткіші» атты тақырыптық шолу ұйымдастырылып, 4 кітап қолға берілді.

3 uOLnRHNTAIkfregZygfY

№16 кітапхана-филиалында «Қызыл, сары, жасыл» атты дауыстап оқу шарасы өтті. Іс – шараның мақсаты: Балалардың жол ережелерін білуін қалыптастыру, балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, көшедегі тәртіпті сақтау,және мұқият әрі сақтықпен қарауды үйрету. Шара барысында балалардың назарына - балалар жазушыларының жол ережелеріне қатысты әдеби шығармалары ұсынылып, Ф.С.Майоровтың «Жол әліпбиін зерттеу» туындысынан үзінділер оқылды.

Чтение под открытым небомгромкие чтения

26 шілде күні № 22 кітапхана-филиалында кітапхананың кішкентай оқырмандарына «Жаз кітаппен жылы болсын» тақырыбында кітап әлеміне саяхат өтті. Мақсаты: балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру. Шара барысында балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін қызықты кітаптарға қысқаша шолу жасады. Сонымен бірге «Кітап туралы жазбалар», «Кім ақылдырақ», «Сыр сандық» атты балаларға арналған әртүрлі ойындармен және кітап кейіпкерлерімен байланыстырылып өткізілді.

Изображение 011Изображение 022Изображение 023Изображение 026

№11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Балдырған» журналының жарық көргеніне 60-жыл толуына орай «Сүйікті журнал беттерінде» атты баспасөз-маршруты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: кітапхананың мерзімді басылымдарымен таныстыру, кітапханадағы оқуды қалыптастыру, республикалық «Балдырған» журналымен таныстыру. Шара барысында «Аққу» бала бақша балалары «Бала тілі, бал», «Кел ойнайық», «Жұмбақтар», «Ертегілер», «Халық қазынасынан», «Ойлан тап», «Оқы қызық», және «Санамақтар», «Жаңылтпаштар», «Ол кім бұл не?», «Жұмбақтар» атты қызықты пресс-маршрут жасады. Бағыт барысында «Балдырған» журналы әлем айналасында» слайд-тұсаукесері көрсетілді. Шара соңында "Маған бұл қызық!" деген шағын-сауалнама жүргізіліп, балалардың журнал бөлімдеріндегі түсінген нәтижелерін анықтауға мүмкіндік берді.

20180726 10435720180726 10490620180726 10530020180726 105521

26 шілдеде № 14 филиалда Бұхар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына арналған «Халықтың жан шежіресі» атты портрет кеші өтікізілді. Іс-шараның мақсаты : ақын, жырау, қоғам қайраткері Бұхар жырау Қалқаманұлының шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Кітапхана қызметкерлері жас аудиторияны ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Бұхар жырау қазақ халқына өзінің даналығымен әрі рухталған өлеңдерімен , ақылдылығымен көмектескенін атап өтті. Іс-шара барысында слайдтар көрсетіліп, өлеңдер оқылды, көрмеде ұсынылған кітаптарға шолу жасалынды.

IMG 20180726 141334IMG 20180726 141537IMG 20180726 142021

Яндекс.Метрика