Адамдардың дұрыс өмір сүру салтын қалыптастырып, әртүрлі спорт түріне тартып, физикалық белсенділігін арттырып, салауатты өмір салты жайындағы кітаптарды оқырмандарға насихаттау үшін «Денсаулық фестивалі» акциясы аясында №4 кітапхана-филиалы қызметкерлері «Дені саудың-жаны сау» атты көркем әдебиеттер шолуын ұйымдастырды. Кітапханашылар жас оқырмандарға дұрыс тамақтану, үнемі қозғалыста өмір сүру жайында ақпараттармен бөлісіп, салауатты өмір сүру жайында жазылған басылымдарды насихаттады. Мереке барысында «Денсаулық фестивалі» айналымдағы бейне баян көрсетілді. Ұранымыз "Әр қашанда күштіміз, деніміз сау-мықтымыз!".
Балаларды есірткі, ішімдік, темекінің зардабымен таныстырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №1 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Жағымсыз әдеттерге жол жоқ» атты сауықтыру сабағы өтті. Шараға №16 орта мектептің 6-сынып оқушылары шақырылды. Сабақ барысында ұйымдастырушы алкогольді ішімдіктер мен сусындардың денсаулыққа тигізер зардабына тоқталып өтті. Оқушылар түрлі сайыстарға қатысып, мақал-мәтелдер айтып, сөзжұмбақтар шешіп, « Денсаулық деген не?» деген сауалға жауап берді. Шара соңында кітапханашы кішкентай оқырмандар салауатты өмір салты туралы оқып, білімдерін толықтыра алатын кітаптар көрмесіне шолу жасады.
Отбасы институтын нығайту, оның мәртебесін арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерді қалпына келтіруге және қалыптастыру мақсатында 7 қыркүйек күні №31 кітапхана филиалында «Отбасы – барлық бастаманың негізі» атты кітап экспозициясы ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына: отбасын құру туралы, отбасының қоғамдағы рөлі туралы, отбасындағы тәрбие туралы, отбасындағы бос уақытты текке өткізбеу туралы қызықты әрі танымдық кітаптар ұсынылды. Әр отбасы мүшесі өзіне керек кітаптарды осы жерден таба алады.
2018 жылы 7 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Халықаралық денсаулық күніне арналған әлеуметтік көмек бөлімімен бірлесе мүгедек балалармен «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» атты ақпараттық сағат өтті. Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.Шара әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері денсаулық туралы ақпарат берді. Балалар сурет салып және сурет жапсырғыштарды құрастырды. Кітапхана қызметкерлері «Айлакер түлкі» атты ертегі қойылымын қойды. Шара соңында барлығы би билеп, көңілді тарқады.
Сыйластыққа, отбасы адамдарының бір -бірін жақсы көруі туралы және олардың бір-біріне деген қамқорлығын қалыптастыру, балаларды отбасылық салт-дәстүрді, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерді үйретуге тәрбиелеу мақсатында 7 қыркүйек күні "АҚҚУ" балабақша тәрбиеленушілері үшін «Отағасы отбасы ортасында» атты ҚР отбасы күніне арналған ертеңгілігі өтті. Шара барысында «Отбасы мүшелері», «Қошеметіңіз» ойындары ойнатылды. Балалар «Ана», «Отбасы» туралы өлеңдер оқып, ән салды. Жас оқырмандар назарына «Отбасы басты құндылық» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Даналық отбасын біріктіре алатын кітап» атты кітаптар көрмесіне шолу жасалды.