№29 кітапхана- филиалында М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжанның ақындық әлемі» атты поэтикалық сағат өтті. Іс-шараға №5 мектептің оқушылары шақырылды. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, өлеңдері оқылды. Сондай-ақ кітапханада М.Жұмабаевтың кітаптарына арналған әдебиеттерге шолу жүргізілді. Мақсаты: ақынның өмірін және шығармашылық мұраларын насихаттау. Жас ұрпақтың өкілдері арасында патриотизмді қалыптастыру.
Қыркүйектің 12 күні М.О.Әуезов атындағы ОҚК №52 орта мектептің 4-сынып оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырылды. Кітапханашылар «Білім еліне саяхат» атты тұсаукесерлер дайындап, оқушылар- балалар бөліміндегі кітап қорындағы: энциклопедиялар, анықтамалар, оқулықтар, көркем әдебиеттермен танысты. Шара соңында оқушылар «Білім» викторинасына қатысып, білімдерін шыңдады.
№7 кітапхана-филиалында қазақ халқының күміс көмей әншісі, жерлесіміз Әміре Қашаубаевтың 130 жылдық туған күніне арналған «Құс жолындай сырлы әлем» атты музыкалық мозайкасы өтті. Шараның мақсаты: өсіп келе жатқан жас буынның бойларына патриотизмдік сезімді ұялату және ұлттық өнерімізді паш еткен адамдармен таныстыру. Шара барысында әншінің туындылары тыңдалды. Оқырмандар назарына « Құс жолындай сырлы әлем» кітаптар көрмесі ұсынылды.
Туған тіліне құрметпен қарап, өзге тілді үйренуге деген қызығушылықтарын ояту мақсатында 13-қыркүйек күні №27 кітапхана-филиалының оқу залында №21 орта мектептің 8-сынып оқушылары үшін «Ынтымаққа-тіл арқылы» атты өзекті әңгімелесу өтті. Қатысушылар - шара барысында халықтың рухани өмірінің тарихы, туған тілінің түбінде жатқандығын аңғарды. Осыған орай, ана тілін жетік меңгеру, және оны дамыту, шетел тілдерін оңтайлы қолдану, оның қоғамдық және шығармашылық қызметінде жақсы тіреу бола алатындығын аңғарды. Қатысушыларға туған өлке тарихы туралы викториналық сұрақтар қойылып, тілдің тарихы мен дамуы туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік шараға сәйкес, №14 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Отбасы: ойлар мен істер бірлігі» атты көрме ұйымдастырды. Мақсаты: әрбір адам үшін отбасының алар орны мен маңыздылығын түсіндіру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Кітапхана мен отбасы бірлесе отырып, адами қасиеттерді тәрбиелеу де және кітап оқуға деген құлшыныс туғызу да таптырмас одақ екендігін байқаған боларсыз. Мерекеге қатысушылар тарихқа шағын ғана экскурсия жасап болғаннан кейін, осы тақырыптағы мерзімдік басылымдардан құралған кітаптар көрмесімен танысты.