№29 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы аясында «Оқы шаһар» атты шара өткізді. Мақсаты: кітапқа қызығушылықтарын арттырып, кітапханаға көбірек оқырмандар тарту. Шара барысында кітапханашылар оқырмандарға ашық аулада кітап оқуға шақырды. Бұл идея балаларға ұнап, олар басылымдармен танысып, таза ауада кітап оқу мүмкіндігіне ие болды.

1223

№11 балаларға қызмет көрсету кітапханасында «Біз күшті болып өсеміз» атты әдебиеттерге шолу өтті. Мақсаты: спортпен айналысуға,салауатты өмір салтына тәрбиелеу, дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Шара барысында кітапханашы адам өміріндегі спорттың маңыздылығы туралы айтып, спортшылардың өмірлері мен жеңістері туралы әңгімелеп, спорт түрлеріне тоқталып өтті.

20180807 16160420180807 161650

№11 кітапхана филиалында ашық аспан астында «Қазақтың спорттық ойындары – ұлттық құндылықтар» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға адам өмірінде спорттың алатын орны, спорттың шығу тарихы, қазақтың ұлттық спорттық ойын түрлері туралы мағлұмат беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында кітапханашы адам өмірінде спорттың алатын орнының ерекшелігіне тоқтала келе, спорттың шығу тарихын, қазақтың ұлттық спорт ойындары, олардың түрлері мен тәрбиелік маңызы, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал – ахаулы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткені жайында баяндап, аталмыш тақырыптағы баспа өнімдеріне библиографиялық шолу жасады.

20180805 120020180805 1202

 

7 тамыз күні Семей полигонының жабылуының 28 жылдығына орай № 1 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Біз-әлемдегі бейбітшілік үшін» атты бейне-әңгімесі өткізілді. Шараның мақсаты: «Невада-Семей қозғалысымен Семей полигоны жайында толық мағлұмат беру. Шара барысында Семейдегі ядролық полигон туралы бейне-ролик көрермендер назарына ұсынылды. Жүргізуші ядролық қарудың елімізге тигізген зардабы туралы тоқталып өтіп, Елбасымыздың Семей ядролық қаруын жапқандығы туралы баяндап өтті. «Семей полигоны - тарих беттерінде » атты кітаптар көрмесіне шолу жасалды.

123

№ 1 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Сиқырлы киіз» атты ойын викторинасы өтті. Мақсаты: қазақ халық ертегілері мен мақал-мәтелдерінен алған білімдерін толықтырып, бекіту, халықтың ауыздан-ауызға тараған, үлкен тәрбиелік мәні бар мұрасын бойына сіңіру, оқырмандарды осы ертегілер арқылы жақсылыққа тәрбиелеу. Оқырмандар кітапханашымен бірге сыйқырлы ертегілер әлеміне аттанды. Шараның барысында оқырмандар жұмбақтар шешіп жарысты. Қазақ мақал-мәтелдерін айтып, мағынасына терең ұғынды. Соңында «итеріспек» ойынын ойнап, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

456789

 

Яндекс.Метрика