№11 кітапхана филиалында ашық аспан астында «Қазақтың спорттық ойындары – ұлттық құндылықтар» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға адам өмірінде спорттың алатын орны, спорттың шығу тарихы, қазақтың ұлттық спорттық ойын түрлері туралы мағлұмат беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында кітапханашы адам өмірінде спорттың алатын орнының ерекшелігіне тоқтала келе, спорттың шығу тарихын, қазақтың ұлттық спорт ойындары, олардың түрлері мен тәрбиелік маңызы, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал – ахаулы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткені жайында баяндап, аталмыш тақырыптағы баспа өнімдеріне библиографиялық шолу жасады.