2 тамыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада республикалық акция аясында «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді. Мақсаты: жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу, ана тілін құрметтеуге, оқу мәдениетін қолдау және сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға, отандық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру болып табылады. Шара барысында жастар ресурстық орталығының жастары Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» туындысымен, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітабымен, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және көп томдық шығармаларымен таныстырылды. Күні бойы тұрақты оқырмандар кітаптар көрмесіне шолу жасады.

cgb1cgb2

№11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының қызметкерлері «Журнал патшалығының байлығын ашамыз» атты алаңда журнал коктейлін өткізді. Балалар түрлі сайыстарға қатысып, балалар кітаптарының авторларымен таныстырылды. 11 басылым ұсынылды.

20180727 16182820180727 161934

 

 

27 шілде күні №1 балалар кітапханасында С.Т.Ақсаковтың «Алқызыл гүл» ертегісінің 160 жылдығына орай, талқылау сағаты болды. Бұл ертегіні ол кішкентай кезінде Пелагайдан естіп, есінде сақтап қалған... оқырмандардың ертегіні қаншалықты жақсы ұғынғандарын білу мақсатында: «Гүлдің атын тап» атты кішігірім сайыс өтіп, оқырмандар өздері алқызыл гүл салып, көңілді тарқасты.

13216565498421

 

 

№29 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы аясында таза ауада балаларға кітап оқуды ұйымдастырды. Шараның мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, кітапханаға жаңа оқырмандар тарту. Балалар таза ауада кітап оқып, 15 кітапқа шолу жасады.

23

 

2018 жылдың 29 шілдесінде №12 балалар кітапханасында «Жазғы оқу жол дорбасы» атты кітап орындығы ұйымдастырылды. Мақсаты: кітапты насихаттау, кітапхананы жарнамалау, кітап оқуға шақыру, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу. Кітап орындығы Магнитогор көшесі, 14 үй алаңында ұйымдастырылды. Балалар «Жазғы оқу жол дорбасы» атты кітап көрмесімен танысып, демалыс уақытында оқуға арналған қызықты кітаптар, сонымен қатар жаңа кітаптармен де танысты. Шолудан кейін балалар ұсынылған 22 кітаппен тереңірек танысып шықты.

SAM 9270SAM 9279

 

 

Яндекс.Метрика