М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы Қарағанды Медицина университеті "Намыс" интеллектуалды пікір сайыс клубының студенттерімен бірге Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай "Мәңгілік махаббат дастаны" атауымен жазушының "Махаббат, қызық мол жылдар" романын талқылау өткізілді. Талқылау барысында қатысушылар арасында тест өткізіп, пікірталас ұйымдастырылды.
Тест бойынша жеңімпаз аталғандар: 1 - орын Болат Диана; 2 - орын Бейсенбек Анель; 3 - орын Әліпбек Гүлжан.
Жеңімпаздарға грамота мен кітаптар табысталды. Шараны әнмен әрлегендер Орынбасар Ерболат Ерзатұлы мен Жүзжасарова Айсана.
  Namys 3   Namys 2   Namys 1
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының өкілдерімен «Жақсы кітап – жан азығы» диалог алаңы өткізілді. Іс-шара барысында "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының Астанадағы өкілі, «Алқа» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Жанар Таңсық, "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының Астанадағы өкілі, кітап насихаттаушы, блогер Айнұр Бұлақбай, "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының Астанадағы өкілі, модератор Арман Тоғызбай ұлттық құндылықтарымызды сақтау, оны болашақ ұрпаққа кірлетпей, кемшіліксіз жеткізу – әр азаматтың ұлт алдындағы борышы, жауапкершілігі туралы айтып, «Алқа» клубының жұмысымен, "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының кітаптарымен таныстырды.
Астана қаласынан арнайы келген қонақтарға алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да КітапFest жобасы, «Алқа» клубының шеңберінде бірлесіп жұмыс жүргіземіз деген сенімдеміз.
Dialog alany 1   Dialog alany 2   Dialog alany 3

"Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-мен бірлесіп «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележоба аясында «Ардагерлер халқымның кемеңгері» атты кездесу кешін өткізді. Іс-шара қонақтары тележурналист, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі Тойжігіт Әли Мүсәліұлы; Жоғары санаттағы режиссер, "Алтын Сұңқар" сыйлығының иегері Рахима Ысқақова; Жоғары санаттағы телеоператор Мейрам Ғабдуллин; Облыстық радионың ардагері, редактор, режиссер Нұрғайым Әліпбекова; "Сарыарқа" телеарнасының аға редакторы, бірнеше телебайқаулардың жеңімпазы Гүлбақша Ақажанова; «SARYARQA» телеарнасының редакторы Мақсат Бейсенаев; Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның мүшелері, жергілікті БАҚ өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Шара барысында модератор Қарағанды теледидарының дамуы мен қалыптасуына мол үлес қосқан, 40 жылдай осы салада еңбек еткен ардагерлердің өмір жолы мен қызметтері жайында келген қонақтарға мәлімет беріп өтті. Іс-шара барысында Қазақ дәстүрлі әндерінің орындаушысы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ержан Базарбеков қонақтарға әннен шашу тартты және «Тарихы – терең, дәстүрі бай» кітап көрмесі ұсынылды.

Kezdesu 1   Kezdesu 2   Kezdesu 3

2022 жылдың 30 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада "Алаш партиясының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы" атты іс-шара өтті. Шараға №4 арнайы мектеп-интернаттың оқушылары қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара барысында "Ұлттың ұлы ұстазы" атты кітап көрмесіне шолу жасалып, Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейнеролик көрсетілді.

Korme1 1   Korme1 2   Korme1 3

 

"Султик" клубының апта сайынғы ойын сабақтары. Сабақтарда ұлдар мен қыздар әртүрлі үстел ойындарын, білім беру және интеллектуалды ойындарды қуана ойнайды. 

Sultikk1   Sultikk2   Sultikk3

Яндекс.Метрика