2022 жылдың 25 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған "Қазіргі заманның көрнекті жазушысы" атты іс-шара өткізілді. №15 ЖББМ КММ-нің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері және тіл мамандары Есниязова Рахат Көпжасаровна мен Бакирова Айнур Дюйсенбаевна шараның өтуіне өз үлестерін қосты. Шара барысында оқушыларға бейнеролик пен презентация көрсетіліп, қызықты сұрақ-жауап ойыны өтті. Белсенділік танытқан оқушыларға сыйға кітаптар берілді.

photo 1   photo 2   photo 3

2022 жылдың 24 қараша күні "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет орденінің» иегері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлының шығармашылығына арналған «Тұлпар мінезді қазақтың баласымын» атты байқауы өтті. Байқауға қазылық еткен: Қарағанды қаласының "Шырақ" тілдерді оқыту орталығының директоры, ақын, "Өмір-өлең" жыр жинағының авторы, облыстық, республикалық өнер байқауларының, жыр мүшәйраларының жүлдегері, Өнер саласында Қарағанды облысы әкімі сыйлығының иегері Тұяқбаев Саят Қабдырашұлы; «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік қоғамы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы; филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Бабашов Азат Мақсұтбекұлы; Карағанды Медицина Университетінің тілдерді дамыту орталығының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ассистент-профессор Оспанова Гульбахрам Ебенбаевна. Шара барысында ZOOM платформасы арқылы Аманжол Әлтаев қосылып қатысушыларға өзінің жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Байқауға өтініш білдірген 15 пен 40 жас аралығындағы қатысушылардан 30 -ға жуық үміткерлерден өтінім түсті. 3 орынды 35 мың теңгелік сертификатымен Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Б.С.Асқарқызы және ҚР Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің сарбазы В.В.Горизанов иеленді, 2 орынды 60 мың теңгелік сертификатымен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледж» студенті Еркін Мөлдір және Бас жүлде — 1 орынды №61 ЖББОМ оқушысы Ж.М.Жумабекова иеленді. Сонымен қатар қатысушыларға Алғыс хат пен «Арқа батырлары» атты кітаптары табысталды. Бекзат Қомарұлының демеушілігімен өткізіліп отырған бұл 6-шы байқау, осы орайда Бекзат мырзаға алғысымызды білдіреміз.                      philologia 1   philologia 2   philologia 4

13 қарашада Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде "Султик" клубының орта тобының апта сайынғы сабағы өтті. Бұл сабақта балалар "Проектор" және "Солтүстік аю" қолөнерін жасады.

Sult 1   Sult 2   Sult 3

2022 жылдың 18 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының әкімі, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ бастамасымен ұйымдастырылған "Менің елім — Қазақстан" байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өткізілді.
Барлығы 49 өтінім берілді, оның ішінде бірінші номинацияда 16 жеңімпаз және екінші номинацияда 13 жеңімпаз таңдалды.
"Қазақстан, Қарағанды туралы өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқу" бірінші номинациясы бойынша жеңімпаздар:
✅12-13 жас аралығында:
🏆1 орын - Аманбол Жансезім.
Қарағанды қ. №14 мектеп-гимназиясы, 8 "ә" сынып,
13 жас.
🏆2 орын - Изтолеуова Сабина.
Қарағанды қ. Ж.Тәшенов атындағы мектеп, 8 сынып, 13 жас.
🏆3 орын - Смирнова Алекса.
Қарағанды қ. №25 орта мектеп, 6 сынып, 12 жас.
✅14-16 жас аралығында:
🏆1 орын - Айтбек Кеңпейіл.
Қарағанды қ. Ә.Молдағұлова атындағы спорт мектебі, 9 сынып
🏆2 орын - Базарбай Айым.
Қарағанды қ. №14 мектеп-гимназия, 10сынып, 14 жас.
🏆 3 орын - Саламат Іңқәр.
Қарағанды қ. №57 орта мектеп, 10 сынып, 16 жас.
✅ 18-29 аралығында:
🏆 1 орын - Болатхан Серікбол Тұрмысұлы. Қарағанды қ. 5451 әскери бөлімі, 23 жас.
🏆 2 орын - Горизанов Владислав Владимирович. Қарағанды қ.
6505 әскери бөлімі, 27 жас.
🏆 3 орын - Аманбаева Ақгүл Ерболқызы. Қарағанды қ.
ҚарУ, 1 курс, 17 жас.
✅30-65 жас аралығында:
🏆1 орын - Алиманова Саламат Игебаевна. Қарағанды қ.
"Ауыл шаруашылығы" ЖК, фермер, 52 жас.
🏆2 орын - Иманбеков Алишер. Қарағанды қ. "Сервис" колледжі, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары, 31 жас.
🏆3 орын - Рыль Светлана Геннадьевна. Қарағанды қ. "Балдәурен" балабақшасы, музыкалық басқарушы, 64 жас.
"Туған өлке, Қарағанды қаласы, Қазақстан туралы өз шығармаларынан поэтикалық туындысы" екінші номинациясы бойынша жеңімпаздар:
✅ 14-16 жас аралығында:
🏆1 орын - Аманжол Нұрасыл.
Қарағанды қ. №25 орта мектеп, 10 сынып, 16 жас.
🏆2 орын - Алиева Динара. Қарағанды қ, №14 мектеп-гимназия, 10 сынып, 16 жас.
🏆3 орын - Усенова Дания Медетовна, Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицей, 9 сынып, 14 жас.
✅ 18-29 жас аралығында:
🏆1 орын - Ким Игорь Александрович, Қарағанды қ. КВГК, 4 курс, 18 жас.
🏆2 орын - Григорьева Анна Николаевна, Қарағанды қ. flip.kz қамтамасыз ету бөлімінің маманы , 28 жас.
🏆3 орын - Қаленов Ерназар Серікұлы. Қарағанды қ., ҚарТУ, 18 жас.
✅ 30-65 жас аралығында:
🏆1 орын - Семенюта Наталья Леонидовна. Саран қ., №9 мектеп-интернатының дефектолог-мұғалімі, 50 жас.
🏆2 орын - Ахметов Руслан.
Қарағанды қ., 1 топтағы мүгедек, 34 жас.
🏆3 орын - Жумашев Оразбек Максутович. Қарағанды қ. ЦССУ, ЛФК бойынша нұсқаушы, 54 жас.
🎁 Сонымен қатар мерейгер-жазушыларға арналған арнайы сыйлықтар табысталды.
🏆 М.О.Әуезовтің 125 жылдығына:
Воробьева Любовь Михайловна. Қарағанды қ., "Лингва" шет тілдері колледжі, 16 жас.
Нахипов Ерболат. Қарағанды қ. 6505 әскери бөлімі, 20 жас.
🏆 А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына:
Мошкова Вера Ефремовна. Қарағанды қ., зейнеткер, 65 жас.
Алибекова Кәусар. Қарағанды қ., Ж.Тәшенов атындағы мектеп, 8 сынып, 13 жас.
🏆 Ш.Мұртазаның 90 жылдығына.
Балтабаева Алина. Қарағанды қ., №25 орта текмеп, 6 сынып, 12 жас.
Стрельчук Татьяна Владимировна. Саран қ. Саран қаласының мәдениет үйінің әдеби үйірме басқарушы, 61 жас.
Сондай-ақ көрермен көзайымы арнайы сыйлықтарына ие болғандар:
Құдайбергенов Қанат Қабылұлы. Қарағанды қ., Жекеменшік шаруа қожалығы, 61 жас.
Мансуров Елубай Абилкаримович. Қарағанды қ., "Қазақмыс" корпорациясы, 54 жас.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар, сертификаттар мен кітаптар табысталды.
Байқау жаңа мүмкіндіктер сыйлап, жаңа таланттар ашты!
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Шығармышылық табыс пен сарқылмас шабыт тілейміз!
konkurs1   konkurs2   konkurs3

5 қарашада Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде "Султик" клубының орта тобының апта сайынғы сабағы өтті. Бұл күні балалар үшін "Кемпірқосақты ұста" атты тәжірибе сабағы өтті. Оның аясында қыздар призма жасап, жарықтың сынуын зерттеді. Призмадан басқа, қатысушылар "Жалғыз мүйіз" және "Телефон тірегі" қолөнерін жасады.

Sultik 1   Sultik 2   Sultik 3   Sultik 4

Яндекс.Метрика