Биыл мұрасы Қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында терең із қалдырған көрнекті қазақстандық жазушы, ақын, публицист және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толады. №8 кітапхана филиалында "Ақниет" клубының мүшелері үшін "Алаш арысы Міржақып Дулатұлына - 140 жыл" атты ақпараттық сағатын өткізді. Балалар М.Дулатовтың өмірі мен қызметі, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі және "Алаш" қозғалысындағы тарихи рөлі туралы білді. Іс-шара соңында қатысушылар жазушының өмірі туралы құжаттармен және оның шығармаларымен қызығушылықпен танысты. Ақпараттық сағат жас ұрпақтың ұлы тұлғамен терең танысуына ықпал етті, сондай-ақ Міржақып Дулатовтың қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

23.11.2025 жылы Сарыарқа 2-де №22 және №2 юн филиалдарының "Қарағанды қ. ОКЖ" КММ қызметкерлері. Қарағанды қаласының тұрғындары үшін "Туған жерім, тұғырым Қазақстан!". Кітапханаға келушілер жаңа басылымдармен танысып, кітап оқыды. Жас оқырмандар шахмат ойнады.

2025 жылдың 15 қарашасында Сарыарқа 2" Қарағанды орталықтандырылған кітапхана жүйесінің" ҚММ 22 және 16 филиалдарының қызметкелері қарағандылықтар үшін «Туған жерім, Тұғырым-Қазақстан» атты ашық кітап көрме ұсынылды.
Келушілер көрмеге қойылған басылымдарды зерттесе, жас оқырмандар сурет салып, пазлдарды құрастырды, үстел ойындарын ойнады.

20.11.2025 жылы «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №11 кітапхана филиалында Алаш айлығы аясында «Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялылары» атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Шараға академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ филология факультетінің магистрі Жұмагелдин Жанайдар Шаймерденұлы және ҚарҰЗУ филология факультетінің, Қарағанды медицина аралық колледжінің, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері қатысты.
Мақсаты: Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, бар күш-жігерін қазақ ұлтының рухани дамуына арнаған Алаш арыстарының ерен ерлігін жасұрпаққа үлгі етіп, насихаттау.

«Жырмен өрілген өмір» атты ақпараттық сағат №27 филиал кітапханасында өтті.
Іс-шара ақын Еркеш Ебекеновтың 95 жылдығына арналды.Бұл рухани кездесуге 6505 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, қазақтың көрнекті ақынының өмірі мен шығармашылығынан тағылым алды.Ақынның жырлары – елге, ерлікке, отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін мәңгілік мұра.





