№22 кітапхана филиалында “Наурыз құт береке бастауы” атты музыкалық кеш өтті. Кітапхана тұрақты оқырмандары 4 сынып оқушысы Мұратбек Ескендір, 2 сынып оқушысы Мұратбек Жәңгір, 6 сынып оқушысы Естайұлы Олжас, 5 сынып оқушысы Алпысбай Әділжан, Жамбыл мектебінің оқушысы Ахман Бекарыс , 4 сынып оқушысы Еренсизов Айбатыр өнерлерін көрсетті. “Ер Тұран” , “Адай”, “Ерке Сылқым” күйлерін тартты,гитарамен “Аягөз” әнін шырқап , “Наурыз, Тұсау кесу” туралы тақпақтар айтылды. Кешеміз өте мағыналы, тәрбиелі, қызықты боп өтті.





