Бүгін кітапханада ф12б, ф1б, ф11б бөлімдерінің бірлесуімен “Наурыз келді – нұр келді” атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында оқырмандарға қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары, Наурыздың шығу тарихы мен ерекшеліктері кеңінен таныстырылды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы өлең-жырлар оқып, мақал-мәтелдер айтып, ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, көрермендер белсенділік танытты.
Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Наурыз тақырыбындағы әдебиеттер ұсынылды. Кеш өте әсерлі өтіп, қатысушыларға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салт-дәстүрді қадірлеуге





