2023 жылдың 2 ақпан күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Ұлт рухының айғағы – «Қазақ» газеті» атты тақырыптық кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар ҚР құрметті журналисті, жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы, «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын Шалқар Жәлел Қуандықұлы. Шараның мақсаты: «Қазақ» газетінің шығу тарихымен таныстыру, Алаш мұрасын жас ұрпаққа оқытудың тәрбиелік тиімділігін зерделеу, газеттің ұстанған бағыт-бағдарын, мақсаттарын сараптау. Кездесуде тақырыпқа байланысты слайд көрсетіліп, «Қазақ» газеті – Алаштың ұлттық мінбері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
"Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де "Мобильдік кітапхана" жобасын іске асыру жалғастырылуда. С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында, К.Станиславский атындағы орыс драма театрында, "Шалқыма" концерт залында, Кеншілер мәдениет үйінде тағы 4 постер орналастырылды. "Мобильді кітапхана" — келесі серіктестермен бірге іске асырылған кітапхана жобасының заманауи форматы — «Аманат» партиясының "Жастар Рухы" жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалы. Жоба "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - заманауи технологиялар базасына негізделген қызметтер спектрін кеңейту, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, Қарағанды авторларының шығармаларын насихаттау. Тұрғындар бұл бастаманы бағалап, жоба қала тұрғындарын көркем әдебиет оқуға көбірек тартуға көмектеседі деп үміттенеміз.



25 қаңтар күні "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Менің жас кезімдегі Қарағанды» атты ретро стильде кітапхана түні өтті. Кітапхананың жас қызметкерлері 7 бөлімнен тұратын «Кітапханалық квест» ойынын ойнады. Бұнда кітапханашылар 3 командаға бөлініп, әр команда өзінің ұранын, команда атауын, капитанын таңдады. Әр командаға карта беріліп, сол карта бойынша кітапханашылар тапсырмаларды орындады. Қарағанды қаласының әр жылдардағы елтаңбаларына түсініктеме беру, Қарағандыға байланысты шығармалардың үзінділерін қордағы кітаптардан қарау, каталог, кітап, стеллаж сөздері қолданылған ребус шешу, Қарағанды көшелері аталған танымал адамдардың өмірбаяндары бойынша сол адамдардың есімдерін табу, Қарағандыдағы ескерткіштер бойынша пазл жинау сияқты ойындарын ойнады.

