2025 жылдың 18 наурызында «Наурызнама» онкүндігі аясында №31, Ю1, №22, №8 кітапхана-филиалдарының ұжымы Жаңа Майқұдық Қоғамдық орталығында «Ұлттық киім -халық қазынасы» атты этно сағатын өткізді. Шара «Шашу», «Бата» ырымдарымен басталды. «Жеті қазынам» ұлттық орталығының жетекшісі Атен Алмагүл ұлттық киімнің тарихына тоқталды. Одан кейін «Тек алға», «Қос қарлығаш», «Өз елім» әндері орындалды. №22 және Ю1 филиал қызметкерлері ұлттық киімдер тарихы, сәукеле мен шапан туралы айтты. Ұлттық киім үлгісімен бірге кітап көрмесі қойылды. Соңында барлық қатысушылар «Қара жорға» биін биледі.

2026 03 30 093217     2026 03 30 093251     2026 03 30 093259

Яндекс.Метрика