14.01.2026 №1 жас­өспірімдерге қызмет көрсету кітапхана филиалында Ж.Ташенев атындағы ЖББМ 5 “Е” сынып оқушылары үшін Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай “Жастар” БЖК Б.Л. Дарабаевамен бірлесіп “Т. Мұсабаев жұлдыздарына жол” атты танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы балаларға Талғат Мұсабаевтың Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы ғарышкер екендігі туралы айтып, кітап көрмесі бойынша шолу жасады. Т. Мұсабаев туралы бейне көрсетілді. Балалар Т.Мұсабаевтың ғарышта 3 рет болғанын, оның Қазақстандағы ғарышкерлікті дамытуға қосқан үлесі туралы білді. Содан кейін оқушылар “Ұшақ”, “ғарыштық анаграммалар”, “ғарышкердің таңғы асы” және “саяхатқа дайындық” байқауларына қызығушылықпен қатысты. Іс-шара танымдық және қызықты өтті.

2026 01 15 112109    2026 01 15 112117    2026 01 15 112130

Абайтанушы ғалым, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай Қарағанды индустриялдық-технологиялық колледжінде №8 кітапхана-филиалының кітапханашысы ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында Қайым Мұхамедхановтың қазақ руханиятындағы айрықша орны, Абай мұрасын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі, әдебиет пен ғылымға сіңірген қызметі жан-жақты таныстырылды. Оқырмандар ғалымның өмір жолы, шығармашылық мұрасы, абайтану ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды.
Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, Қайым Мұхамедхановтың еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттерге шолу жасалды. Ақпараттық сағат студенттердің ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, ғылым мен өнерге құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Тағылымды кездесу жас ұрпаққа өткенді танып, тарихи тұлғалардың еңбегін бағалаудың маңызын ұғындырған мазмұнды шара болды.📚📚📚

2026 01 13 164935    2026 01 13 165002    2026 01 13 165018

 2025 жылдың 12 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "31775 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінде №8 кітапхана-филиалының кітапханашысы «Тәуелсіз Қазақстан» атты тарихи сағат өткізді.
Оқиға барысында қатысушылар тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи кезеңдермен танысты. Кітапханашы отандастарымыздың ерлік тарихына, мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуына арналған қызықты деректерді, фотоматериалдар мен құжаттарды көрсетті.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларын бөлісті, тарихи ақпараттар арқылы Қазақстанның біртұтас мемлекеттілік жолын тереңірек түсінді.
Бұл іс-шара Тәуелсіздігіміздің қадірін ұғынуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған маңызды сәттердің бірі болды.

2025 12 15 092031     2025 12 15 092105     2025 12 15 093147

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай кездесу кеші өтті.
Іс-шараға Қарағанды медициналық колледжінің студенттері белсене қатысты.
Кездесу кешіне құрметті қонақтар шақырылды:
Камалиев Тілеубек Камалиұлы – Қазбек би атындағы аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Бимендин Өзібек Исатайұлы – Қарағанды қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Кадеков Мұрат Шолтақұлы – Қазбек би атындағы аудан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары;
Құлжанбеков Шұқыржан Елеубайұлы – Қарағанды қаласы Мәслихатының депутаты, запастағы капитан, «Күрең берет» иегері;
Аяғанов Алтай Бодейұлы – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің тарих пәні мұғалімі.
Кездесу барысында Бауыржан Момышұлының ерлік жолы, отансүйгіштік рухы мен өнегелі өмірі жайлы тағылымды әңгімелер айтылып, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы кеңінен сөз болды.

2025 12 18 145411    2025 12 18 145425    2025 12 18 145504    2025 12 18 145534

 

12.12.2025 ж. №29 кітапхана филиалында Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тарихи танымды сағат өтті. Шараға Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның 10 сынып жетекшісі Шолпан Узбековна оқушыларымен қатысты. Оқушылар Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалды ойынға белене қатысып, патриоттық өлеңдер оқып, домбырада күй тартты. Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия кітапханашылары кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеге шолу өткізді.

2025 12 12 171314    2025 12 12 171414   2025 12 12 171439

2025 12 12 171602

Яндекс.Метрика