2026 жылғы 12 ақпанда №29 кітапхана-филиалында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысының ардагерлерімен кешкі кездесу өткізілді. Іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына арналды.
Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Байкенов Асқар Сағитович пен Ұтарбаев Серік Хамитұлы шақырылды. Ардагерлер Ауғанстандағы әскери қызмет жылдары туралы № 5 қосымша білім беру мектеп орталығының 10-сынып оқушыларымен естеліктерімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ жас ұрпаққа Отан алдындағы әскери борышты абыроймен өтеуге тілек білдірді.
Кітапханашы ауған соғысының басталуы, оның қанша уақытқа созылғаны және әкелген ауыр зардаптары туралы баяндап өтті. Іс-шараға қатысушылар соғыстан оралмаған жауынгерлерді Бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, қатысушылар назарына осы атаулы күнге арналған кітап көрмесі бойынша әдеби шолу ұсынылды.

2026 жылдың 7 ақпан күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Қарағанды медицина университетінің «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесі мен «Жыр Жауһар» авторлық әдеби-поэзия үйірмесінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазақ жырының қайнары» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті. Іс-шараның басты мақсаты - жастарға Мұқағали поэзиясының тереңдігін таныту, ақын мұрасын насихаттау және ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыру болды. Кеш барысында үйірме мүшелері ақынның жүрекке жетер әсерлі өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Мұқағали жырларына жазылған әндер орындалып, домбыра сүйемелдеуімен шырқалған туындылар кештің көркін аша түсті. Әдеби кештің ашылуы да, қорытынды бөлімі де әсем күй мен жанды дауысқа ұласып, поэзия мен музыка үндескен тағылымды орта қалыптастырды. Қатысушылар ақын шығармашылығы жайлы ой бөлісіп, оның өлеңдеріндегі отансүйгіштік, адамгершілік пен сезім тазалығы туралы пікірлерін білдірді.
Шара соңында кітапхана әкімшілігі мәдени-рухани іс-шараға белсенді атсалысып, мазмұнды кеш ұйымдастырғаны үшін «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесі мен «Жыр Жауһар» авторлық әдеби-поэзия үйірмесіне арнайы алғыс хат табыстады. Осындай әдеби-поэзиялық кештер жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, қазақ жырының құндылығын тереңірек сезінуге жол ашады. Мұқағали мұрасы- мәңгілік, ал оның жырлары ұрпақ жүрегінде әрдайым жаңғырып тұра бермек.

Өндірісі өрлеген – Теміртау.Қарағанды қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі қолдауымен,
Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың «Өлкетану» бөлімінің ұйымдастыруымен
«Өндірісі өрлеген – Теміртау» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті.80 жылдан астам тарихы бар Теміртау – бүгінде әлемге танылған ірі өндіріс орталығы.Қала осыдан 55 жыл бұрын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Бұл – маңдай терін төккен еңбек адамдарының ерен еңбегінің айғағы.Іс-шараға Қарағанды машина жасау колледжінің студенттері,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының және Теміртау қаласы №2 ЖББМ оқушылары, ұстаздары, ата-аналары, кітапхана оқырмандары қатысты.Іс-шараны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Айдын Жаңбырбай жүргізді. Жас модератор іс-шараның мазмұнды әрі жүйелі өтуіне үлес қосты.
Бағдарлама аясында Тайыр Жароковтың «Теміртау» шығармасы оқылып,
Теміртаудың тарихы мен дамуы туралы тың мәліметтер ұсынылды.
Сондай-ақ қала дамуына үлес қосқан еңбек ардагері Қазыкен Тілеубергенов жастарға тағылымды ой-пікірін білдірді.
Теміртау – еңбекпен түлеген, тарихымен мақтанатын қала.
Бұл жолды жалғастыру – бүгінгі жастардың міндеті.
Білім, технология, жасанды интеллект – ел экономикасын алға бастырар басты күш.Жасай бер, жарқырай бер, өндірісті қала – Теміртау!

Бүгін Ә.Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесіп, Қала күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Менің қалам - Қарағанды!» атты ғажайыптар ойыны өтті.

М.О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Кітап патшалығында» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға «Профессор Т.А. Абдразаков атындағы Бизнес және басқару мектебі» мектебінің 3-сынып оқушылары мен олардың ұстаздары қатысты.





