2026 жылдың 19 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Жарқыра, жайна Наурызым!» атты этнографиялық мереке ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастардың бойында қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне деген құрметті арттыруды мақсат еткен бұл шара мазмұнды да мәнді өтті.

Мерекелік кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Жанарымдағы жазулар», «Қарашығымда сағыныш» жыр жинақтарының және жуырда жарық көрген «Күз күмбірі» кітабының авторы С.Сұмағұлтегі; «Озат» ақпараттық-технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы, «Ақ қауырсын» әдеби жастар клубының жетекшісі, «Бозмұнар» жыр жинағының авторы Т.Әгенқызы; жас ақын Р.Қойшыбайұлы; Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану бөлімінің кітапханашысы, жас ақын А.Жаңабай; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің филология факультетінің 4 курс студенті, жас ақын Е.Ө. Нұртай және Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінің оқытушысы П.Қ.Әбдіғұлова, сондай-ақ Қарағанды медицина университетінің Мейіргерлік білім беру мектебінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Шара барысында Наурыз тақырыбына арналған кітап инсталляциясы таныстырылып, келген қонақтарға рухани «шашу» ретінде кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған көрмеге шолу жасалып, ұлттық әдебиет пен дәстүр сабақтастығы кеңінен насихатталды.
Кештің көркін кіргізген Көктем аруы мен Қыдыр ата қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ батасын берді. Мерекелік көңіл күйді арттыра түскен өнер бөлігінде Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінің оқытушысы П.Қ.Әбдіғұлова «Ақмаңдайлым» әнін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, оқырмандар назарына қазақтың көне салт-дәстүрлері – «Ұйқыашар» мен «Селтеткізер» көрініс ретінде ұсынылып, олардың мән-мағынасы түсіндірілді. Бұл көріністер жастарға ұлттық мұраны тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.

2026 03 30 101335    2026 03 30 101345     2026 03 30 101352     2026 03 30 101406

Яндекс.Метрика