10.12.2025ж. №29 кітапхана филиалында Тәуелсіздік күні қарсаңында оқырмандардың туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу; Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тарихи танымды сағат өткізді. Шараға "Үміт" балалар-жасөспірімдер орталығының балалары қатысты.

10.12.2025ж «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ-нің 2-курс студенттерімен «Азаттықты аңсаған – жеткен мұрат» атты танымдық іс-шара №27 кітапхана филиалында өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Студенттерге Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызын терең түсіндіру;
Тарихи оқиғалар мен Желтоқсан көтерілісінің ел азаттығына қосқан үлесі туралы білімдерін кеңейту;
Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті, елін құрметтеуге тәрбиелеу;
Азаттық жолында жанын пида еткен батырлар ерлігін дәріптеу арқылы жастардың бойында патриоттық рух қалыптастыру.
Қазақстан Тәуелсіздігі – ғасырлар бойы бабалар аңсаған арман, азаттық жолында төгілген тер мен қанның жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, дербес ел атанды. Бұл күн – халқымыздың жаңа тарихының бастауына айналған маңызды белес.
Тәуелсіздік бізге:
өзінің рәміздері бар егемен ел болу құқын,
туған тіліміз бен мәдениетімізді жаңғырту мүмкіндігін,
әлемге танылған, бірлігі бекем мемлекет болу жолын ашты.
Бүгінгі ұрпақ – осы азат күннің қадірін біліп, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау міндетін арқалаған жас буын.
04.12.2025ж. №31 кітапхана филиалы Ж.М.М.Ү-мен бірлесіп Алаш партиясының құрылғанына 108 жыл толуына «Алаш мұрасы-ұлттың рухани тірегі!»атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың ұлттық санасын, патриоттық рухын көтеру.

Бүгін Қарағанды қаласының тұрғындары Түркиядан келген белгілі ғалым, ағартушы, әдебиеттанушы Ашур Өздемирмен кездесті.
Кездесу барысында ғалым заманауи түркі әлеміндегі әдеби үрдістер, ұлттық мәдениеттің сақталуы және ағартушылықтың маңызы туралы құнды ойларымен бөлісті. Қатысушылар маңызды сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

02.12.2025ж №14 кітапхана филиалында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясына орай “Зорлық-зомбылықсыз әлем” атты тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің ҚҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Г. Даирова және ПБ ҚҚБ инспекторы А. Толеубекова. Шараға Жоғары мейіргерлік интер-колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттерге «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар
мен қылмыстардың алдын алу», буллинг пен
кибербуллингтің зардаптары, сондай-ақ жасөспірімдер арасындагы лудомания мәселелері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Іс-шара мақсаты: қоғамды қатыгездікке төзбеушілікке шақыру, адамдарға құқықтық ақпарат беру, қауіпсіз орта қалыптастыру.





