2025 жылы 10 желтоқсанда № 11 балаларға қызмет көрсету кітапханасында "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Зорлық-зомбылықсыз отбасы"профилактикалық сұхбат-диалог өткізілді.
       "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" республикалық акциясы аясында Қарағанды қаласы полиция басқармасының ЕҚҚББ-мен бірлесіп отбасындағы балалар мен әйелдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың салдары туралы ақпараттандыру бойынша әңгімелесу-диалог жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар отбасындағы кез келген зорлық-зомбылық құқық бұзушылық екенін және бұл үшін кінәлілерді жауапқа тартуға болатынын білді.  Зорлық - зомбылық жағдайында көмек сұрауға қайда жүгінуге болады, онда дағдарыс орталықтары орналасқан, олар жағдайдан шығуға көмектеседі, көмек пен қолдау көрсетеді-бұл мәселелердің барлығын балалар  Қарағанды қ.ОББН ПБ жетекші және аға инспекторы, полиция майоры Такенова Динара Қайырбекқызына арналды.

2025 12 11 094214    2025 12 11 094242    2025 12 11 094300

 

10.12.2025 Ж.Ташенев атындағы ЖББМ 8 “А” сынып оқушыларына арналған “Алаш” партиясының айлығы аясында N 1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында “Алаш: Тәуелсіздікке жол” атты әңгіме уақыты өткізілді. Филиал меңгерушісі Г.Б. Қосжан оқушыларды “Алаш” партиясының құрылу тарихымен, оның А.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты көрнекті қайраткерлерімен таныстырды. “Алаш” қызметі туралы бейне көрсетілді. Осылайша, балалар “Алаш” партиясы қазақ мемлекеттілігінің негізін қалап, егемен мемлекет идеясын алға тартып, ұлттық сананың өсуіне ықпал еткенін білді. “Алаш” партиясы үлкен маңызға ие болды, ал оның идеялары тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады.

2025 12 11 092625    2025 12 11 092632    2025 12 11 092640    2025 12 11 092657

10.12.2025ж «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ-нің 2-курс студенттерімен «Азаттықты аңсаған – жеткен мұрат» атты танымдық іс-шара №27 кітапхана филиалында өтті.

Іс-шараның мақсаты:
Студенттерге Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызын терең түсіндіру;
Тарихи оқиғалар мен Желтоқсан көтерілісінің ел азаттығына қосқан үлесі туралы білімдерін кеңейту;
Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті, елін құрметтеуге тәрбиелеу;
Азаттық жолында жанын пида еткен батырлар ерлігін дәріптеу арқылы жастардың бойында патриоттық рух қалыптастыру.
Қазақстан Тәуелсіздігі – ғасырлар бойы бабалар аңсаған арман, азаттық жолында төгілген тер мен қанның жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, дербес ел атанды. Бұл күн – халқымыздың жаңа тарихының бастауына айналған маңызды белес.


Тәуелсіздік бізге:
өзінің рәміздері бар егемен ел болу құқын,
туған тіліміз бен мәдениетімізді жаңғырту мүмкіндігін,
әлемге танылған, бірлігі бекем мемлекет болу жолын ашты.
Бүгінгі ұрпақ – осы азат күннің қадірін біліп, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау міндетін арқалаған жас буын.

2025 12 11 090410    2025 12 11 090302    2025 12 11 090351    2025 12 11 090329 

10.12.2025ж. №29 кітапхана филиалында Тәуелсіздік күні қарсаңында оқырмандардың туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу; Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тарихи танымды сағат өткізді. Шараға "Үміт" балалар-жасөспірімдер орталығының балалары қатысты.

2025 12 11 091409    2025 12 11 091531    2025 12 11 091540    2025 12 11 091548

Бүгін Қарағанды қаласының тұрғындары Түркиядан келген белгілі ғалым, ағартушы, әдебиеттанушы Ашур Өздемирмен кездесті.
Кездесу барысында ғалым заманауи түркі әлеміндегі әдеби үрдістер, ұлттық мәдениеттің сақталуы және ағартушылықтың маңызы туралы құнды ойларымен бөлісті. Қатысушылар маңызды сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

2025 12 08 093157    2025 12 08 093213        2025 12 08 093249    2025 12 08 093317    2025 12 08 093352

Яндекс.Метрика