№15 балалар кітапхана-филиалында  жазушы  Жайық Бектұровтың туғанына 105 жыл толуына орай №86 ЖББОМ оқушылары үшін «Сарыарқаның  абызы» атты портреттік әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты:  жазушы, журналист Ж.Бектұровтың өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыру, балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шара барысында оқушыларға зерттеуші, ақын, журналист, әдеби шығармалардың аудармашысы, публи-цист,  артындағы ұрпаққа мол шығармашылық мұра қалдырған жазушы Ж. Бектұров туралы ақпарат берілді. «Жол жоралғысы» атты жүздеген мақалалары мен тарихи очерктері, «Өткелдер» өлеңдер жинағы, «Ақиқат» романымен таныстырылды.

033040

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика