Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы 24 қараша күні М.О Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Арқа әншісі Ғаббас Айтбаев» атты музыкалық ретро-ән кеші өтті. Шараның мақсаты: Жастарды әнші Ғаббас Айтбаевтың өмірбаянымен,  шығармашылық жолымен таныстыру. Қазақ мәдениетінің әншілік өнеріне қалдырған мұрасы туралы түсінік беру, жас ұрпақтың әнге деген қызығушылығын ояту.  Музыкалық ретро-ән кешіне Ғаббас Айтбаевтың немерелері Садақова Дариға Садаққызы,  Ғаббасов Жоламан Рауфұлы, жиені Мақсат Нүсіпов шақырылды және №34 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен сол мектептің кітапханашысы, Қарағанды мемлекеттік университетінің 3 курс студенттері және Тәттімбет өнер колледжінің 3-4 курс студенттері  қатысты. Кеш барысында Дариға Садақова мен Жоламан Ғаббасов атасы жайлы естеліктер айтты. Ғаббас Айтбаевтың құрметіне Тәттімбет өнер колледжінің 3 курс студенті Қазкен Берік «Тау ішінде», «Балқурай» әндерін, Тәттімбет өнер колледжінің 4 курс студенті Тәңірберген Данияр «Сарыарқа», «Алтын анам» әндерін, Қарағанды мемлекеттік университетінің 3 курс студенттері Тлеулинов Заңғар «Көзімнің қарасы», «Ақбұлақ», Кәлім Абайбол «Аялдама» атты әндерді шырқады. Кітапханашылар «Арқа әншісі Ғаббас Айтбаев» атты кітап көрмесімен таныстырды.

DSC 0166 min

 

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика