13 қаңтар күні № 11 балалар кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша

 «Тарихи маңызы зор құжат» атты пікірлер мінбері өтті. Шараға № 83 ЖББОМ 9 сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: оқырмандарға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші    өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы ақпарат беру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, азаматтық сананы қалыптастыру.

Жаңа Жолдауды талқылау барысында қатысушыларға Президенттің халықтың алдына қойған он міндеті жөнінде кеңінен талданып, түсінік берілді. Бұл  «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға, инновациялық өнеркәсіп саласына, аграрлық өнеркәсіп кешені саласына, қаржы секторына, сыбайлас жемқорлықпен күреске, халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым саласына қатысты міндеттер жүктеп, ұзақмерзімді бағыт-бағдар беретін жобалар. Оқушылар Президент Жолдауындағы келесі мәселелерге көп тоқталды:

-  үлгерімі жоғары оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру;

- кәсіптік-техникалық білімді қолдау;

-  халықты әлеуметтік қорғаудың жағдайын көтеру;

- медициналық көмектің қолжетімділігі.

Оқушыларға ашық мінберде өз пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік берілді, әр оқушы өзі үшін маңызды тұстарын талдап, ойларын айтты.  Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру туралы және ««Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін» идеяларын қуана қолдайтындарын көрсетті. Барлық пікірлер жасөспірмдердің бейбіт азаматтық қоғам мен ұлтаралық келісімді жақтайтынын көрсетеді. Шараға «Өзгерістер дәуіріндегі Президент Жолдауы»  атты кітап көрмесі безендірілді.

123 min345фото 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика