12 қаңтар күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «қазақ» газетінің ең алғаш жарыққа шыққанына 105 жыл толуына орай «Ұлттың алғашқы патриоттық газеті» атты тарихи почтамт іс-шарасы өтті. Шараға № 52 ЖББОМ 10 сынып оқушылары шақырылды. Мақсаты: «Қазақ» газетінің ұйымдастырылу тарихымен және алғашқы құрылтайшыларымен таныстыру, Қазақстан тарихына, «Алаш» партиясының қоғамдық-саяси идеяларына қызығушылықтарын арттыру, патриоттық тәрбие беру. Шара барысында оқушылар Қазақ» газетінің алғашқы сандарының шығу тарихымен және газетті ұйымдастырушылардың еңбегімен таныстырылды. Мультимедиялық презентация мен бейнеролик көрсетілді, «Ұлттың алғашқы патриоттық газеті» атты газеттер көрмесіне шолу жасалды.