9 ақпан күні №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында №73 ЖББОМ 4-сынып оқушылары үшін «Мен тұратын қаламды жақсы білемін» атты викториналық саяхат өтті. Шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды көпшілік ортаға тарту, туған өлке жайындағы кітаптарды оқуды насихаттау. Шара барысында қаламызда Н.Әбдіровке қойылған ескерткіштің 60 жылдығына арналған «Мәңгілік тұғырына орналасқан» атты өлкетану саяхаты өткізілді. Оқушылар үшін «Мақтанышым - Қарағандым!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және «Қарағанды: кеше,бүгін,ертең» деректі фильмі көрсетілді. Шараға 14 адам қатысты.