09 ақпан күні  № 11балалар кітапхана-филиалы №83 ЖББОМ 6 сынып оқушылары үшін Қарағанды қаласы күніне орай «Кіші Отанымыз үнемі шақырып тұрады» атты өлкетанушының әдеби салонын өткізді.  Іс-шараның мақсаты: балаларды Қарағанды қаласының қалыптасу тарихымен таныстыру, көрнекті жерлес тұлғалардың өнегесінде туған қаласына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, туған өлке туралы кітаптарды насихаттау. Шара барысында оқушылар Қарағанды қаласының қалыптасу тарихымен таныстырылды. Қаланың дамуы, оны қалаушылардың тағдырларында, олардың еңбектегі және әскери ерліктері арқылы көрінетіні жөнінде түсіндірілді. Музыкалық сүйемелдеу арқылы қала көшелеріне қызықты саяхат жасау барысында қала көшелеріне аттары берілген А.Е.Букетов, Ф.Кривогузе, Н.Абдиров және т.б. әйгілі адамдар жайлы ақпарат берілді. Оқушылар орыс тілінде М.Бродскийдің «Новый город», А.Салеховтың «Город шахтерской славы», Л.Лунинаның «Баллада о городе» өлеңдерін оқыды. «Біздің қаланың ескерткіштері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және балалар «Қаламыздың ескерткіштері» тақырыбында өткізілген викторинада өз білімдерін көрсетті. Шараға 25 адам қатысты.

111112

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика