10 сәуір күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары «Молодежный» мәдениет үйінде «Қазақстан темір жолы» колледжінің  студенттері үшін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» үндеуін түсіндіру бойынша «Президенттің бес бастамасы – халық игілігі үшін» атты актуалды диалог өткізді.  Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру, қазақстандық патриоттықты, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі бес бастаманы іске асыруға атсалысуға тәрбиелеу.   Шара барысында кітапханашылар Елбасының бастамалары әр отбасының үй алуына мүмкіндік беру, жалақысы төмен  жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту,  жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру  сияқты   еліміздің берік іргетасын қалайтын реформалардан тұратыны туралы әңгімеледі. Кітапханашы  А.Исина  Президент жүктеген негізгі міндеттерге сәйкес халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмысты әрі қарай жандандыру механизмдерін түсіндіріп өтті. Студенттер аталған мәселені кеңінен талдап, шара соңында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мемлекетіміздің әрбір азаматының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді» деген пікірлерімен бөлісті.   Шараның қорытындысында «Аңызға айналған тұлға» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды.

фил2 юн 5 принц minфил 2 юн жолдау min

Яндекс.Метрика