11 сәуір №16 филиалдың оқу залында Ғарышқа бейне саяхат «Жұлдыздар жолында» атты іс-шара өтті. Жүргізуші ғарыш кеңістігін қалай игере бастағанын және неге тек 12 сәуірде Ғарыштық күнді атап өтетіні жайлы айтып өтті. Ежелден бері планета мен жұлдыздардың жұмбақ әлемі адамдардың назарын өзіне аударып, оның құпиялары мен сұлулығына көңіл аударта бастады. Іс – шара мақсаты: Оқушыларды ғарыштану сияқты ғылыммен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін, өнер тапқырлығын, ептілігін дамыту. Алғашқы космонавтар туралы алғашқы ғарыш кемесін ойлап тапқан ғалымдар туралы «Жұлдызды жолдардың кейіпкерлері» атты виртуалды ғарыш жазбасы ұсынылды. Балалар «Ғарыштың таңғажайып әлемі» виртуалды викторинасына қатысты. Балаларды ғарыш виртуалды саяхатына шақырды. Экипаж өз орынын алады, белдіктерді бекітеді және «Восток-3» космосында виртуалды ғарыш саяхатқа шығады. Сапар барысында балаларға «Ғарыш әлемінің құпиялары» бейне ролик көрсетіліп, күн жүйесіндегі планеталарға және ғарыштың басқа да объектілеріне қарап отырды. Қатысқаны: 55 адам.