2018 жылы 4 мамыр күні № 29 кітапхана-филиалының қызметкерлері Отан қорғаушылар күніне орай «Болашақ» колледжінің студенттеріне «Отан қорғаушылар қандай болуы керек» отаншылдық сағатын өткізді. Шараның мақсаты: студенттерді отаншылдық сезімге, азаматтық борышқа тәрбиелеу, жастарды туған тарихына, өз халқының тағдырына назар салуға шақыру, Қазақстан Қарулы күштерінде қызмет көрсету үшін азаматтық қасиеттерін арттыруды қалыптастыру. Шара БӘД пәнінің ұстазы А.В.Жуковтың мерекенің шығу тарихы жайындағы баяндамасымен басталды. Сонымен қатар ол Отан қорғаушылардың қандай болуы керектігін, ҰОС жылдарындағы тарихи деректер және бейбіт замандағы әскери қызметкерлердің міндеттері жайында айтып өтті. Шара өте қызықты және жалынды өтті. Студенттер мұқият тыңдап, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды.

IMG 20180504 WA0008 min IMG 20180504 WA0009 min

Яндекс.Метрика