2018 жылы 5 мамырда № 4 кітапхана-филалында кеңестік әскер басшысы Иван Панфиловтың 125 жылдығына орай «Панфиловшылар Отан үшін шайқас алаңында» виртуалды әңгімесін өткізді. Уақыт өткен сайын ұлылығы айқын болған оқиғалар бар. Солардың біріне Ұлы Отан соғысы жатады. Отан үшін от кешкендер саны жыл өткен сайын азаюда. Бүгінгі күні ҰОС ардагерлерінің немере, шөберелері Ұлы Жеңіс жолында ерлік, табандылық, төзімділік және мейірімділік танытқан аталарына тағзым етеді. Шара модераторлары генерал И.В.Панфилов және қаһармандығы, беріктігі, Отанға деген сүйіспеншілігі үлгі етерлік 28 панфиловшы-батырлардың өшпес ерлігі жайында айтып өтті. Жастар әкелерінен, аналарынан, ағаларынан Отанын және халқын сүйюді, қорғауды үйренуі қажет. Шараға «28 панфиловшы» фильмінен үзінді және «Панфиловшылар Отан үшін шайқаста» виртуалды әңгімесін дайындады.

IMG 20180505 120247 minIMG 20180505 120815 minIMG 20180505 121139 min

Яндекс.Метрика