27 маусым күні кітапханада «Біз зорлық пен экстремизмге қарсы» тақырыбында дайджест ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: зорлық пен экстремизмнің не екендігін, олардың түрлері мен мақсаттары туралы түсіндіру, әлеуметтік және азаматтық сезімдерін қалыптастыру. Оқырмандардың назарына әлем мен қоғамға қауіп-қатер төндіретін және зиян келтіретін әрекеттер жайлы жазылған мақалалар, флаерлер мен 12 басылым ұсынылды.
27 маусым күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Қараңғы түнге сәуле шашқан» атты тарихи-әдеби сағат өтті. Мақсаты: оқырмандарды М.Жұмабаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Балаларды М.Жұмабаевтың шығармаларын оқи отыра шыншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Кітапханашылар М.Жұмабаевтың өмірімен таныстырды. М.Жұмабаев өз Отанын, елін, жерін сүйе білген, жүректен шыққан өлеңдерін халқына сыйлаған бірегей ақын болғаны жайлы ақпарат берді. Оқырмандар М.Жұмабаевтың туған жердің табиғатын, жер-суын, орман-көлін суреттеген өлеңдерімен жақын танысты. Мағжан ақынның табиғатты суреттеген өлеңдері: «Көкшетау», «Жазғы таң», «Қысқы жол», «Орман», Күннің батуы», «Орал таулары». Әйел тағдырын суреттеген өлеңдерінен «Гүлсім», «Бәрінен де сен сұлу», «Жәмилә» тағы басқа өлеңдерімен таныстырылды. Қуғын-сүргін көрген әдеби тұлғалардың бір ретінде Мағжан поэзиясы жарты ғасырдан астам уақыт жарыққа шықпай келді. Қазіргі кезеңде ақынның шығармалары халыққа кең таралуда. Шараға ұйымдастырылған «Халқының қалаулы ұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде оқырмандар назарына М. Жұмабаевтың өмірі жайлы жазылған кітаптар мен өз шығармалары ұсынылды.
Маусымның 26 күні №8 кітапхана-филиалында Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Ақан сері – ақын, халық сазгері» атты әдеби шолу өткізілді. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, Ақан сері Қорамсаұлының әнші, композитор екендігін айтылды. Оқырмандарды ақынның «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» т.б. атты сазгерлердің көңілінен шыққан шығармаларымен танысты.
Маусымның 26 күні №16 кітапхана-филиалында «Болашаққа көз салатын Қазақстан» /ҚР Президентінің Жолдауы / саяси олимпиадасы өтті. Шараға отбасылық амбулаториялық «Тәуіп» қызметкерлері, Октябрь ауданының халыққа әлеуметтік көмек бөлімінің қызметкерлері қатысты. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауымен таныстыру. Кітапхананың оқырмандарына төртінші Индустриалды Революция жағдайында қазіргі Қазақстанның одан әрі дамуы туралы нақты нұсқаулар беретін елдің дамуына арналған видио-ролик көрсетілді. Жүргізушілер болашақта жүзеге асырылатын 10 негізгі міндеттің мәнін қысқаша баяндап, мультимедиялық презентацияны ұсынды. Саяси Олимпиадаға қатысушылардың әрқайсысы өзінің жеке пікірін білдіріп, Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын қолдады. «Менің елім, менің тағдырым, менің Президентім» көрмесіне шолу жасалып, онда ежелгі кезден бүгінгі Тәуелсіз жылдарға дейінгі тарих саясат, мәдениет барысындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды
Маусымның 26 күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында «Өмір сүр. Өз өміріңді сақта!» атты Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған көрме дайындалды. Мақсаты: нашақорлықтың алдын алу, жас ұрпақты денсаулығына зиян келтіретін психотропты заттардан аулақ болуға үйрету, өз өмірлерін сақтауға оны тиімді және пайдалы етіп өткізуге, кітап оқуға баулу. Кітап көрмесінде қазіргі өмірдегі басты назарда тұрған нашақорлық мәселесін ашып көрсету. Мысалы: А.Башмаковтың «Нашаға құмарлық: қайғылы оқиға», М.Буяновтың «Нашақорлық туралы ойлар», Ю.А.Габовтың «Нашақор және жастар» т.б. кітаптары қойылды. Орта және төменгі сынып оқушыларын «Балалар энциклопедиясы» сериясының «Нашақорлар жоқ!» тақырыбына арналған саны қызықтырды.