15 маусым күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана Дәрігерлер қызметкерлері күніне арналған «Ақ халатты абзал жандар...» «Замандас» зейнеткерлер клубы ардагер дәрігер - мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Мақсаты: кітапхананың зейнеткер оқырмандарына өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беру, ұрпақтар сабақтастығын іске асыру болды. Шараға жерлесі М.Байғожин, гумманитарлық колледжінің орыс тілі әдебиетінің оқытушысы Г. Түсіпова, «Замандас» клубының мүшелері қатысты. Шара барысында: 1967 жылдан еңбек жолына араласқан жас мамандардың өмір жолы өз уақытындағы жастардың кәзірде жастары 80 ге келген қария – маман ардагер дәрігерлер өз ара сұхбаттасты. «Замандас» зейнеткер клубының мүшелері фельдшер, Г.Б. Есжанова, ардагер дәрігерлер Ғабділғазиз Жақыпұлы Жақып, Қарлығаш Аманбайқызы Медеубаева, және де жедел жәрдем дәрігері Мәкеш Тілеубергенқызы Оспанова қатысып, кештің мазмұны Жағалтай Түсіпұлы Хорашевтың кітабына тұсаукесер жасалыуымен жасалды, «Өтелген парыз» кітабы кітапхана қорына қосылды. «Ақ халатты абзал жандар...» атты видеоролик көрсетіліп, ардагер дәрігерлердің өмірбаянынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

12

Яндекс.Метрика