5 шілде күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында әнші Ж.Елебеков атындағы І-ші Республикалық дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсының құрылғанына 20 жыл толуына орай «Үнің кетпес құлақтан» атты ретро-ән шолуы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды музыкаға, әнге деген ықыласын дамытып, композиторлардың музыкалық шығармалары, әндері арқылы халықтың салт-дәстүрін, тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу. Кешке журналист Р.Шөкей, № 34 ЖББОМ мектебінің кітапханашысы Г.Жолдыбекова және оқушы оқырмандар қатысты. Шара барысында 20 ғасырдағы Қазақстан композиторларының шығармашылығын насихаттап халыққа танытқан жерлес әнші Жүсіпбек Елебековтің шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Әйгілі әншінің атындағы конкурстың мақсатымен таныстырылды, бұл – жас ұрпаққа Ж.Елебековтің әншілік мұрасын насихаттау, жас өнерпаздарды халық шығармашылығы рухында тәрбиелеу, орындаушылық өнерді жетілдіруді көздейтін сайыс. Ж.Елебековтың ұлттық өнер мен қазақ музыкасын дамытуға қосқан зор үлесі жайлы бейнеролик көрсетілді. «Үнің кетпес құлақтан» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Биыл 6 шілде Астананың Қазақстан елінің бас қаласы болғанына 20 жыл толады. Яғни, осы атаулы күнге орай, № 31 кітапхана филиалында «Астана – еліміздің мақтанышы» атты әдеби демонстрация ұйымдастырылды. Мақсаты: Астана қаласының дамуы мен жетістіктері туралы ақпарат беру; ұлттық патриотизмге тәрбиелеу және өз елін құрметтеуге үйрету, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. Онда біздің ұмытылмас тарихымыз бен жетістіктерімізді бейнелейтін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы басылымдар, көшбасшымыздың Қазақстан және бас қаламыздың дамуына, гүлденуіне қосқан үлесі туралы, сондай-ақ тарихтың маңызды кезеңдері, тәуелсіздік оқиғалары туралы, Астанамен тығыз байланысты әдеби құжаттар қойылды. Осы әдеби көрмеде оқырман назарына арнайы ұсынылған барлық құжаттар оқырмандарға Астананың тарихы туралы көптеген қызықты ақпарат алуға, Қазақстанның маңызды және мәдени орталығы болып табылатын қазіргі заманғы қаланың бүгінгі өмірі туралы танып білуге, сонымен қатар, Назарбаев, Н. «Еуразия жүрегінде», Назарбаев, Н. А. «Казахстанский путь», «Лидер нации» атты әдеби кітаптар ұсынылды. Әдеби көрме ешкімді бей-жай қалдырмай оқырмандардың жүрегінен орын алды.
Шілденің 4 жұлдызы күні Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, ҚарММУ студенттері мен (өзге ұлт өкілі), әскерилер үшін №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана – филиалында «Болашаққа ұмтылған қала» атты ток – шоу өтті. Жиналғандарды Тәттімбет атындағы колледждің студенттері, қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен қобыздан жырдан шашу шашты. №65 орта мектебінің оқушысы Ә.Мұсабаев пен оқырман Т.И. Тұтанов «Бәйтерек» атты сахналық қойылым көрсетті. Қатысып отырған мектеп оқушылары мен солдаттар сырттай Астанаға саяхат жасады. Өзге ұлт оқырмандарына ағылшын тілінде «Өзің білім алып жатқан елдің Астанасы туралы не білеміз?» атты викториналық сұрақтар қойылды. Кітапханашы А.Ж. Ысқақова кітаптар көрмесіне шолу жасады. Шара соңында белсенді қатысқан оқырмандарға «Алғыс хат» таратылып, суретке түсірілді.
4 шілде күні Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үшін, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының құрметіне М.Әуезов атындағы орталық кітапхана қызметкерлері – М.С.Қыстаубаева, А.Н.Тойбекова, басқарма бастығының орынбасары – Б.Ж.Молдабеков, мемлекеттік қорғаныс лейтенанты - Ж.М.Серіковтардың қатысуымен салтанатты шара өтті. Подполковник Б.Ж.Молдабеков шараға қатысушыларды Астана күнімен құттықтады. Содан кейін, кітапхана қызметкері А.С.Қыстаубаева Астананың көрнекті сәулет құрылымдары туралы ақпараттармен таныстырып, Астана қаласының тарихынан сыр шертті. Сондай-ақ, «Ел жүрегі – Астана», «Астана – Қазақстанның жүрегі» тақырыбындағы бейне материалдарға көз жүгіртіліп, «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
2018 жылдың 4 шілдесінде №29 кітапхана-филиалында Астананың 20 жылдығына арналған «Әлемнің жарқын қаласы» виртуалды саяхат өтті. Іс-шараға Қарағанды қаласының № 23 мектеп лагерінің тәрбиеленушілері шақырылды. Мақсаты: Отан тарихын зерттеуге, Қазақстан Республикасы астанасының көрнекті орындарымен танысуға, Астананың 20 жылдық кезеңдегі жетістіктеріне қызығушылықтарын ынталандыру. Жас ұрпақтың бойына патриоттық және рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру.Балаларға алдағы мереке - елорданың 20 жылдық мерейтойы туралы баяндалды, Астана қаласының тарихына қысқаша экскурсия жүргізді, слайдтарды көрсете отырып,қаланың жетістіктері туралы әңгімеледі, елорданың көрікті жерлерімен таныстырды. Балалар Астана туралы өз әсерлерімен бөлісті, кейбіреулері Астанаға арналған өлеңдер оқыды. Кітапханашылар «Сіз Астана туралы не білдіңіз?» викторинасын өткізді. Іс-шара аяқталғаннан кейін балаларға «Астана – ұлы дала Елордасы» кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасалды.