10 шілде күні №27 кітапхана-филиалында «Терроризм – адамзатқа қарсы қатер» тақырыбында хабарлама-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды терроризмнің себептері, тарихы және салдары туралы ақпараттандыру. Оқырмандардың назарларына «терроризм» туралы анық түсіндіретін, террористік қатер жағдайындағы азаматтардың іс-әрекетері туралы басылымдар ұсынылды. Тиімділігі: 6 басылым ұсынылды.
№4 кітапхана-филиалында Атауы: «Балқаш –көгілдір інжу, Қазақстанның мақтанышы мен жан айқайы» атты экологиялық репортажы өтті. Іс-шара мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауды көрсету, туған жерді сүюді және табиғатымызды бағалау тәрбиелеу. Шара «Табиғаттың тылсым тынысы» кітаптар көрмесімен безендірілді
Қарағанды қаласының Орталық мәдениет пен демалыс саябағында Елордамыз Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған № 27 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қазақстан жүрегі - Астана» тақырыпты промонауқан ұйымдастырды. Мақсаты: Отанына деген патриотизм, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, Елордамыз – Астана қаласына арналған кітаптарды насихаттау. Промонауқан өткізген кезде саябақ қонақтары біздің Елордамыздың дамуы мен өсуі жайлы, назар аударар ғимараттар мен үйлер көрсетілген басылымдармен танысты. Мереке бойы келген қауымға басылымдарды насихаттайтын буклеттер таратылды және біздің кітапханалық жүйесінің оқырманы болуға шақырылды. Салтанатты шараға 11 басылым ұсынылды.
6 шілде күні «Қарағанды қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Астана қаласының 20-жылдығына арналған қалалық мерекелік шара аясында «Астанам – елордам менің» атты кеңкөлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі Қарағанды қаласының демалыс саяжайы аумағында безендірілді. Көрменің мазмұны саяси-танымдық жанрдағы, көркем және балалар әдебиеттерінен құрылды. Іс-шараның мақсаты: халыққа еліміздің астанасы – Астана қаласының даму тарихы мен жетістіктерін таныстыру; халық пен жас ұрпақтың бойында адамгершілікті, азаматтық пен қазақстандық патриоттықты қалыптастыру, өз елімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында М.Ауезов атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен жас Астананың тарихы мен жетістіктерін сипаттайтын кітаптарға, Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы және оның еліміздің тәуелсіздігіне, Қазақстан мен жаңа астананың дамып, өркендеуіне қосқан үлесі туралы басылымдарға шолу жасалды. №27 балаларға арналған кітапхана-филиалы Астана жайлы және танымдық кітаптармен таныстыру мақсатында «Астана – ел жүрегі» атты промоакция шарасын өткізді. Балалар әдебиетін насихаттауға балалар кітапханасының оқырмандары белсене қатысты. «Астана – Ұлы дала елордасы» атты көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптар көрмесінің мақсаты халықты М.Ауезов атындағы Орталық қалалық кітапханасының жаңа кітаптарымен таныстыру және кітап оқуға тарту болды. Халықтың назарына ұсынылған әдеби көрменің құжаттары Қазақстанның мәдени-ғылыми орталығы болып табылатын Астана қаласының негізін қалау тарихы мен бүгінгі заманауи қала өмірі туралы көптеген қызықты ақпараттармен танысуға мүмкіндік берді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптары, «Астана», «Мәңгілік ел» және т.б. кітап-альбомдар көрмеге көңіл бөлген қала тұрғындарының назарын аударды. Шара кезінде мерекеге келушілергеарнап кітаптарға шолу жасалды. Астана күніне арналған «Достық аймағы», «Вектор Инфорум» журналдары, М.Ауезов атындағы Орталық қалалық кітапхананың кепілхаттары таратылды.
10 шілде күні № 1 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Өлкең жайлы оқы мына кітаптан» атты коллаж-көрме өткізілді. Бұл көрменің басты мақсаты өлкеміздің тарихымен, әлеуметтік – экономикалық ахуалымен, мәдени өсуі жайлы, әдебиеті мен өнері, Сарыарқаның кең даласымен таныстыру болып табылады. Шара барысында, кішкентай оқырмандар өлкеміздің өздері барған әдемі жерлері туралы ойларымен бөлісті. Мерекеге 13 адам қатысты.