22 маусым күні кітапханада халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арнайы «Өмірден айыратын құмарлық» тақырыпты нұсқаулық ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: оқырмандарды есірткінің адам денсаулығына және өмір салтына тигізетін зияны туралы ақпараттандыру. Оқырмандардың назарларына нашақорлыққа тәуелділік туралы басылымдар ұсынылды. Сонымен бірге, өмірдің құндылығын білдіретін және нашақорлықпен күрес әдістерін көрсететін буклеттер ұсынылды.