№16 кітапхана - филиалының оқу залында, балалар мен ата-аналар және оқырмандарға арналған «Елдің мақтанышы - Астана» виртуалды саяхат өткізілді. Оқырмандарға «Астана - ертегілер қаласы!» презентациясы ұсынылды, әр слайдта Астананың көрікті жерлері көрсетілді. Жолда бәрі біраз шаршап, пойыздан шығып, демалып, жылыну үшін, «Менен сіздерге сәлем» деп аталатын қуанышты сергіту сәті болды. Содан кейін «Әлемнің астаналары» тұсаукесерінің көмегімен балалар Астана әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі екеніне көз жеткізу үшін әлемнің ұлы астаналары арқылы өздерінің виртуалды саяхатын жалғастырды. «Астана - бейбітшілік пен жасампаздықтың Астанасы» әдеби көрмесіне шолу жүргізілді. Мереке қонақтарына «Достық ертегісі» премьерасы қойылды. Виртуалды саяхат , қызықты әрі тартымды болды. Шараны «Бірінші Қарағанды каналы» таспалап алды.

1616ф 

№11 балаларға қызмет көрсету кітапхана – филиалында № 83,78,6 орта мектептердің 5-9 сыныптары үшін «Астанам, саған сүйсінемін!» тақырыбындағы кітаптар көрмесі жалғасуда. Мақсаты : Астанамызға махаббатпен мақтанышпен қарау, тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы кітаптарды насихаттау, Астанамыздың тарихымен таныстыру. Көрмені таныстыруда өз оқырмандарымызға еліміздің бас қаласының көрнекті орталықтарымен қоса, қаланың бірегей әлемдегі маңызы бар табиғи ескерткіштерімен таныстырамыз. Астана тарихы, жаңа Астананың символы, Астана Ескерткіштері, Астана-бейбітшілік қаласы атты виртуалды саяхат тақырыпты аша түсті.

20180524 14404120180612 125839 

2018 жылдың 4 шілде күні № 22 кітапхана-филиалында Астана күніне, Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – Қазақстанның жаңару нышаны» атауымен тарихи вояж өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды Астананың тарихи, мәдени жерлерімен таныстыру. Олардың бойында өнегелілік, азаматтық, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылығын арттыру, белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету, өз Отанына мақтанышпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен бірге, пайдаланушылар Астананың тарихи-мәдени жерлерімен танысты. Кітап көрмесіндегі құжаттарға шолу жасалды. Іс-шара «Астана – Қазақстанның жаңару нышаны» кітап көрмесімен безендірілді.

Изображение 003Изображение 005Изображение 007

Шілденің 4 жұлдызында №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында төменгі сынып оқушылары үшін «Өзіңе және өзгелерге көмектесу немесе төтенше жағдайдағы қауіпсіздік» атты танымдық ойын өтті. Шараның мақсаты: қауіпсіз өмір сүру туралы танымдарын кеңейту, және өз өмірімен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауды үйрету. Шара барысында - балаларға аулада, демалыс т.б. орындарында өрт шыққан жағдайда өздерін қалай ұстау керектілігі ойын түрінде ( викториналық, сынақ, жарыс) көрсетілді. Шара соңында Л.Логиновтың « Қадамыңда аңдып бас», « Мектепте де, үйде де денсаулық және қауіпсіздік», « Қауіпсіздіктің 365 сабағы»; Г.Шалаевтың «Құтқарушы көліктер», «Жол белгілері - менің достарым» басылымдарынан кітап көрмесі өтті. Шара «Өзіңе және өзгелерге көмектес» тақырыбымен безендірілді.

SAM 9138SAM 9140 

2018 жылы 3 шілдеде № 29 кітапхана - филиалында Астана қаласының 20 жылдығына орай - «Астана - қазақ халқының тәуелсіздік және бірлігінің символы» атты дөңгелек үстелі өтті. Іс- шараның мақсаты: Астана қаласының тарихымен, шежіресімен танысу, адамгершілікке, азаматтылыққа және патриотизмге қалыптасу. Шараға кітапхана оқырмандары, студенттер қатысты. Дөңгелек үстел барысында кітапханашылар екі тілде Елорданың тарихы, Астана неден басталғаны туралы мәліметтер айтты. Кітапхана оқырманы ғылыми қызметкер Бейсетаев Рысбек ағамызға сөз берілді. Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отырғаны туралы айтты. «Астана және Президент», «Әсем қала Астана», «Жастар қаласы Астана - еліміздің болашағы» деген ұсыныс сұрақтар талқыланды. «Астана ұлы дала Елордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

IMG 3428IMG 3439IMG 3451IMG 3456

Яндекс.Метрика