Шілденің 13 күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында жас оқырмандарға арнап «Латын әліпбиі, мемлекеттік тілдің тірегі» атты қызықты тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты: жаңа әліпбимен балаларды таныстырып, дұрыс жазылуы мен қолдануына мән беру, қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне өтуін ортаға салып, талқылау болды. Шараға №66 орта мектебінің жазғы лагерь жанындағы 2 сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағаты барысында кітапханашылар латын әліпбиінің шығу тарихы туралы әңгімелеп берді. Балалардың назарына қазақ әліпбиінің дамуын кезеңдермен көрсететін тұсаукесер ұсынылды. Одан әрі оқушылар интеллектуалдық ойындарға қатысып, аты-жөндерін латын қаріптерімен жазып, жұмбақтар жасырып, сөйлемдер құрастырды. Шара соңында «Латын қарпіне көшу – мемлекет тапсырмасы» атты кітаптар көрмесіне шолу жасады.

DSC 0553DSC 0502DSC 0496DSC 0484DSC 0469

 

№6 кітапхана-филиалының ұжымы «Ақбота» балабақшасының «Қызыл Телпек» тобымен бірлесе отырып, «Мен Тәуеліз Қазақстанды бейнелеймін» атты сурет сайысын өткізді. Шара барысында тәрбиешілер А.Т.Раисова, М.С.Оспанова және кішкене бүлдіршіндермен бірге сурет салып, сергітетін ойындар ойнатты.

 

ф6 min 1ф6 min 2 

11 шілде күні №29 кітапхана-филиалында Бұхар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Қазақ халқының ұлы жырауы» атты поэтикалық сағат өтті. Мақсаты: қазақ халқының көрнекті ұлы Бұқар жырау Қалқаманұлының рухани мұрасын тарату. Шараны жүргізушілер Бұхар жыраудың өмірі мен қызметі туралы әңгімеледі. Ақынның философиялық ой-толғау түрінде жазылған өлеңдері оқылды. Бұқар жыраудың шығармашылығының басты тақырыбы - өз халқына деген сүйіспеншілік. Жырау өздерінің шығармашылығымен өздерінің тәуелсіздігі мен еркіндігін сақтап қалу үшін халықты біріктіруге талпынды. Іс-шараға «Қазақтың ұлы жырауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұхар жыраудың өлеңдерін және оның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды әдебиеттер ұсынылды. Қатысушылардың барлығы көрмеде ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты. Көрермендерге үш кітап берілді.

ф29 min 1ф29 min 2 

№7 кітапхана-филиалының оқу залында Әсет Бейсеуовтың мерейтойына арналған «Сері мінез, ән – Әсет!» атты музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: қатысушылардың эстетикалық сезімдерін оята отырып, қазақ халқының музыкасын құрметтеуге тәрбиелеу, және де Әсет Бейсеуовтың еңбек жолы мен ең басты өмір жолымен таныстыру. Шара барысында жүргізуші Әсет Көпбайұлы Бейсеуовтың туған жылы жайлы сонымен қатар композитор, Қазақстанның халық артисі атағын алғандығы, Әсет Бейсеуов қазақ эстрада музыкасының дамуына үлес қосқандығы жайында таныстыра кетіп, қатысушылар назарына «Жарқын бейне» атты видеоны тамашалауға ұсынды. Кеш соңында дәстүр бойынша кітап көрмесімен таныстырып өтті. Сонымен қатар композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем» атты әндері тыңдалды.

7фminф7min 

 

Жазғы демалыс уақытында 2018 жылдың 11 шілде күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері №52 ЖОМ мектеп жанындағы лагерь балалары үшін жол жүру ережелері бойынша «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты ақпараттық сағат өткізді. Жолда балалардың ережелерді бұзу салдарынан болатын оқыс жағдайлар туралы суреттер және жол белгілері бейнеленген стенд ұйымдастырылды. Содан кейін балалар «Жаяу жүретін жол», «Жол жұмыстары», «Жаяу жолаушыларға жүруге болмайды», «Жерасты өтпе жолы» сияқты жол белгілерімен танысты. Балалар викторинаның сұрақтарына белсене жауап берді, онда «аяқжол», «жүргіншілер өткелі», «аялдама», «жаяу жүруші», «бағдаршам» сөздеріне анықтама берілді. Жол жүру ережелері бойынша білімдерін бекіту үшін «Жолдағы қауіпсіздік әліппесі» мультфильмі көрсетілді. Шара соңында балалар «Қызықты көліктер әлеміне саяхат» атты кітап көрмесіне саяхат жасады.

цгб1 min 1цгб1 min 2цгб1 min 3

 

 

Яндекс.Метрика