26 маусым күні №15 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының оқу залында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналып, №86 ЖББОМ жанындағы жазғы лагерь балаларымен «Нашақорлық - қауіпті әуес» атты жедел талқылау өткізілді. Мақсаты: балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткі заттардың жағымсыз екенін, нашақорлықтың алдын алу керек екенін жете ұғындырып, тәрбиелеу. Талқылау кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Балаларға «Нашақорлық-әлеуметтік дерт» атты бейнеролик көрсетілді. Көрсетілімнен кейінгі талқылау барысында, балалар егер нашақорлық-осындай кері қайтпайтын зардапқа әкелетін болса, оны ешқашан дәмін татып көрмеу керек-деп қорытындылады.