Шілденің 4 жұлдызында №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында төменгі сынып оқушылары үшін «Өзіңе және өзгелерге көмектесу немесе төтенше жағдайдағы қауіпсіздік» атты танымдық ойын өтті. Шараның мақсаты: қауіпсіз өмір сүру туралы танымдарын кеңейту, және өз өмірімен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауды үйрету. Шара барысында - балаларға аулада, демалыс т.б. орындарында өрт шыққан жағдайда өздерін қалай ұстау керектілігі ойын түрінде ( викториналық, сынақ, жарыс) көрсетілді. Шара соңында Л.Логиновтың « Қадамыңда аңдып бас», « Мектепте де, үйде де денсаулық және қауіпсіздік», « Қауіпсіздіктің 365 сабағы»; Г.Шалаевтың «Құтқарушы көліктер», «Жол белгілері - менің достарым» басылымдарынан кітап көрмесі өтті. Шара «Өзіңе және өзгелерге көмектес» тақырыбымен безендірілді.