№8 кітапхана-филиалында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Қалдырған ізі мәңгілік» атты әдеби таныстырылым өткізілді. Мақсаты: Шәкәрімнің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу. Шара соныңда «Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалдырған ізі мәңгілік» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, туындыларымен таныстырылды. 

88 2

 

20 шілде күні № 11 кітапхана-филиалында «Спорт жұлдыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: салауатты өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру, спортпен айналысуды насихаттау, көк байрағымызды әлемдік спорт ареналарында биік ұстап жүрген саңлақтарымыздың жеңісті жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ете тұрып, патриотизмге баулу. Шара барысында адам өміріндегі спорттың маңызы, қазақстандық спортшылардың өмірі мен жеңісі туралы, олимпиадаларда ұсынылған спорт түрлері туралы айтылды. Кітап көрмесіне спорт туралы кітаптар, Қазақстанның көрнекті спортшылары, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша кітаптар қойылды.

1111 2

20 шілде де №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Кітаптар сәбилер алақанында» атты мектепке дейінгі балаларға арналған шара өтті. Мақсаты: кішкентай балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, жаңа әдебиеттермен таныстыру, кітапхана мен кітапты насихаттап, кітапхана имиджін нығайту. Кітапхана қонағы болып «Армашка» балабақшасының екі жоғарғы топ балалары болды. Олар үшін: «Кітап патшалығы-мемлекет даналығы» атты кітапхана ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Соның ішінде кітапхана кітаптарының қол жетімді пішінімен, кітапхана ережелерімен, кітапқа дұрыс қарау мақсатында «Ойыншық кітап-менің құрбым» атты сөре, «Ертегі-қолын алады» атты ойын-викторинасы өтті. Сонымен қатар кітапхана ауласында екі сағат бойы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жұмыс істеді. Балалардың алғаш кітапханаға келіп, кітаппен қауышқан күндері балаларға жақсы әсер қалдыру үшін, кітапханашы барын салды.

12д12д 2

№7 кітапхана-филиалында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Оның өмірі - Отанға деген сүйіспеншіліктен тұрады» атты көрмеге шолу өткізілді, онда ақынның кітап басылымдары мен мерзімді басылымдар бетіне шыққан мақалаларымен таныстырылды. Шараның мақсаты: ақынның рухани мұрасы арқылы патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды Мағжан Жұмабаевтың шығармаларымен таныстыру.

77 2

№14 кітапхана-филиалында жазғы демалыс күндеріне арналған «Кітап оқитын уақыт жетті» атты әдеби саяхат өткізілді. Мақсаты: оқуға деген қызығушылықтарын ояту, жазғы демалыстар кезінде балаларға ойын-сауық демалысын ұйымдастыру, балаларға арналған басылымдарды насихаттау, жаңа оқырмандарды тарту. Әдеби саяхат барысында жас оқырмандар «Географиялық», «Экономикалық», «Ботаникалық» және т.б. әдеби аялдамаларда өздерінің терең білетіндігін көрсете білді. Шара - шығармашылық тапсырмалар, сұрақтар, қызықты әдеби сайыстармен жалғасты. Эрудит-сайыстарға қатысқан оқушылар, танымал туындылармен таныс екендігін білдіріп, қызықты әңгімелерге белсене араласты. Сондай-ақ, балалар кітап пен кітапхананы дұрыс пайдалану ережелері туралы ақпараттарды тыңдады. Осы шарада «Оқырман болуды үйрен» атты кітап бұрышы жасалды.

 IMG 20180717 175710IMG 20180717 180012IMG 20180717 180250IMG 20180717 181309

Яндекс.Метрика