19 шілде де № 16 кітапхана-филиалында «Шахмат дебюті» атты шахмат турнирі өтті. Іс – шараның мақсаты: кітапхана оқырмандарының есте сақтау, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шахмат туралы білімдерін кеңейту, жазғы демалыстарда балалардың бос уақыттарын мәдени өткізуді ұйымдастыру. Шара барысында жүргізуші шахматтың бірнеше ғасырлық тарихына тоқталып, шахматтың қызықты әрі тартымды ойын екеніне тоқталып өтті. Әрі қарай «Шахмат туралы аңыз», «Шахмат стратегияның бастапқы курсы»атты бейне роликпен, «Фиксика - шахмат», «Шахмат - Смешарики 2Д» балаларға арналған мультфильмдер көрсетілді. Шара соңында «Шахмат ғажайыптар елінде» атты кітап көрмесі назарға ұсынылып, оқырмандар И.Веселдің «Шахмат сөздігі», Ю.Авербахтың «Шахмат патшалығына саяхат», Александр Кобленттің «Сиқырлы әлемі» және т.б. кітаптарымен танысты. 44 басылым ұсынылып, 11 басылым қолға берілді.

Обучающее видео игре в шахматывыставка В стране шахматных чудестурнир по шахматамшахматный турнир

18 шілде күні № 8 кітапхана-филиалының оқу залында кітапхана оқырмандарына қазақ халқының әншісі Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына арналған «Ән асқары Әміре» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: әншінің өмірі мен шығармашылығы таныстыру. Шара Әміре Қашаубаевтың портретімен, кітап-журналдармен безендірілді.

P1210657P1210667P1210676P1210682

18 шілде күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Халық данасы-Бұқар жырау» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа адамгершілік және рухани тәрбие беріп, қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттап, қазақ халық ақынының шығармашылығымен және өмірімен таныстыру, қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын, көрнекті жырау, қоғам қайраткері Бұқар жыраудың жырларын сүйсініп оқуға тарту. Көрмеде Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы басылған жинақтар мен басылымдар, соның ішінде «Ақын-жыраулар поэзиясы», «Арқадағы арда жыр», «Бес ғасырдың ақыны» атты құнды мұралары ұсынылды. Кітапхананың барлық қатысушылары керекті деректермен қажетті материалдарды алуға зор мүмкіндік алды.

SAM 9176SAM 9175SAM 9177SAM 9184

18 шілде күні № 27 кітапхана-филиалында салауатты өмір салты насихаттау мақсатында «Салауатты жанұя – салауатты ел» тақырыпты кеңес беру көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде екі бөлім ұсынылды:

* Денсаулыққа апаратын жол;

* Ғасырлар бойы қолданған әдістер.

Көрмеде дұрыс тамақтану туралы, ағзаны қалай тазалау туралы , халық медицинасының тәсілдерін анық түсіндіретін 19 басылым оқырмандарға ұсынылып, таныстырылды. Қолға берілгені - 3 басылым

DSCF2843DSCF2844DSCF2865DSCF2880DSCF2899

№12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Бәрің білуің керексің, отпен ойнауға болмайды» танымдық ойыны өтті. Шараның мақсаты: өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауды, өрт сөндірушінің мамандығын құрметтеу туралы кітаптармен таныстыру. Шара «Өрт – сенің досың, өрт – сенің жауың», «Өрт қауіпсіздік ережелері» атты тақырыптық плакаттарымен безендірілді. Іс-шара адам алғаш отты қалай тұтатқаны және қажетіне қалай жаратқаны туралы қызықты деректермен басталды. Жүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып балалар өрттің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығы туралы, өрттің пайда болу себептері туралы, өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт болған жағдайда және өрт сөндірушілердің ауыр және батырлық мамандықтары туралы білді. Қатысушылар «Өрт кезінде мінез-құлық ережелері» атты мультфильм тамашалады. Шара соңында: Т.Кинько «Біздің нөмір 01», Ю.Никитин «Өрт қауіпсіздігі», С.Маршак «Өрт» , «Белгісіз қаһарман туралы әңгіме», Л.Толстой «Құтқарушы иттер» кітаптары қойылған көрмеге шолу жасалды.

SAM 9149SAM 9152SAM 9155SAM 9157

Яндекс.Метрика