№4 кітапхана-филиалында «Жас болу – демек, білімге құштарлық!» атты жас оқырмандар үшін оқу күні өтті. Шараның мақсаты: жастар оқитын кітаптардың ерекшілігін айқындау. Жас оқырмандардың әдеби таңдауларындағы жаңашылдығы мен талғамдарын анықтау. Іс шара барысында кітапханашылар жастардың қызығушылығын оятатын әртүрлі тақырыптағы, түрлі жанрдағы кітаптарды қойып, «Жас ұрпақ оқуды таңдайды» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
№ 11 кітапхана-филиалының қызметкерлері "АҚҚУ" балабақша тәрбиеленушілері үшін - өрт кезінде, суда, жолда және қоғамдық орындарындағы қауіпсіздігі бойынша пайдалы кеңестер бюросын өткізді. Іс-шараның мақсаты: жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру, жолда жүру ережелері туралы кітаптармен және өрт қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарымен таныстыру болды. Шараға психолог Ю. Л. Верхуша қоғамдық орындарда қауіпсіздік шаралар туралы әңгімелеп, балалармен тест – ойындарын, рөлдік ойындар өткізді. Сәбилердің назарына "Балалар-білуі тиіс» атты тақырыптық слайд ұсынылды.
Шілденің 12 күні №15 кітапхана-филиалында Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай « Әміре Қашаубаев-дала бұлбұлы» атты музыкалық вояж өтті. Шара мақсаты: Ә.Қашаубаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру,ән мұрасын оқырмандарға таныту. Қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіру. Мереке барысында кітапхана қызметкерлері атақты қазақ әншісі, аңыз адам, шет елдерге дейін атағы шыққан әнші туралы сыр шертті. Ә.Қашаубаев Парижде өткен этнографиялық әлемдік көрмеге қатысып, екінші орынды жеңіп алып, күміс медаль иеленді. Әншінің орындауындағы «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Дудар-ай», «Бес қарагер» атты әндері тыңдармандарды бей-жай қалдырған емес. 2017 жылы Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасында «Әміре Парижде» атты кітап шығып, 2018 жылы «Әміре» киносы түсірілді. Әр жыл сайын Ә.Қашаубаев атындағы әнші-домбырашылар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылып, мерзімдік басылымдарда шығып тұрады. Ол кісі жайында әлі де талай зерттеліп, жазыла бермек. Шара соңында оқырмандар « Әміре Қашаубаев-дала бұлбұлы» атты көрмеге шолу жасады.
13 маусым күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубының «Ең, бастысы жанмен қартаю емес, балалар» атты тақырыпта төртінші отырысы болып өтті. Мақсаты: зейнеткер оқырмандардың бос уақыттарын тиімді және жайлы өткізуге мүкіндіктер беру, түрлі мәдени-тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сонымен қатар жаңаша қызығушылықты ояту, жаңаша достық байланысты бекіту. Шараға «Замандас» клубының зейнеткері қатысты. Іс- шара барысында жүргізуші зейнеткерлік жасқа келгенде өмірдің қызығы қалмайды деген пікір кездеседі. Кейбіреулері керісінше, жайлы өмір зейнеткерлікке шыққанда басталады деп ойлайды. Қайсысымен келісесіздер? Замандастықтар зейнеткерлердің бос уақыты қалай өтіп жатыр, не қызықтырады, олар не істейді, қайда жиналады деген төңірегінде, зейнеткер дәрігер «Алтын қол» медалінің иегері Ж.Т. Хорашев өмір сүрейік принципі бойынша әңгіме қозғап, зейнеткерлік қартаюдың алғашқы сатысы, жалпы өмір сүру, жаңалықтан шет қалмай өздерін әрқашан дамытып отыруға кеңес беріп, кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Өлкетану бөлімінің меңгерушісі Г.Р. Жылтыбаева «Замандас» зейнеткерлер клубы мүшелеріне тегін компьютерді оқып, сертификат табыстайтындарын жеткізіп, кітаптарға шолу жасады.
13 шілде күні № 31 кітапхана-филиалында бағбаншыларға арнап «Гүлдер, көшеттер ғана емес...» атты әдеби өрнек ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды кітап арқылы бағбандыққа қызғушылықтарын ояту; бағбаншыларға көгалдандыру әдістемесін меңгеруді үйрету; жеке егін шаруашылығын дамытуға көмектесу; пайдаланушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту. Шара барысында, оқырмандар ұсынылған кітаптардан бау-бақшаға қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Көрмеде ұсынылған кітаптар жаңадан бастаған бағбандарға және де тәжірибелі өсірушілерге де, бақша дақылдары мен гүл өсірушілерге де қиын жұмыстарын жеңілдетуге септігің тигізеді.