4 шілде күні Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үшін, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының құрметіне М.Әуезов атындағы орталық кітапхана қызметкерлері – М.С.Қыстаубаева, А.Н.Тойбекова, басқарма бастығының орынбасары – Б.Ж.Молдабеков, мемлекеттік қорғаныс лейтенанты - Ж.М.Серіковтардың қатысуымен салтанатты шара өтті. Подполковник Б.Ж.Молдабеков шараға қатысушыларды Астана күнімен құттықтады. Содан кейін, кітапхана қызметкері А.С.Қыстаубаева Астананың көрнекті сәулет құрылымдары туралы ақпараттармен таныстырып, Астана қаласының тарихынан сыр шертті. Сондай-ақ, «Ел жүрегі – Астана», «Астана – Қазақстанның жүрегі» тақырыбындағы бейне материалдарға көз жүгіртіліп, «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.